«Үздік фармацевт-2018» колледжішілік кәсіби байқауы
Ағымдағы жылдың наурыз айында«Фармация» бөлімінің бітіруші 318 топ арасында «Үздік фармацевт-2018» колледжішілік кәсіби байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: білім беру бағдарламасын жүзеге асырып қана қоймай, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білім алушыларды кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыратын талантты, білімді үздік түлекті анықтау
Кәсіби байқауға:
«Еврофарма» ЖШС, «Жедел жәрдем медициналық ауруханасы», «Айболит» дәріханасы мен колледж түлегі, кәсіподақ мүшелері әділқазылық жасады.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
1) Компьютер жүйесінде тест тапсырмаларын орындады
2) «Мамандығым — болашағым!» тақырыбында презентация
3)Арнайы пәндер бойынша(фармакология, фармакогнозия, дәрілік нысандар технологиясы, менеджмент және маркетинг негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және оның экономикасы) тәжірбиелік іс дағдылары бағаланды
Байқау нәтижесінде Маралбекқызы Шолпан мен Утешова Арайлым «Жаңашыл фармацевт» , «Епті фармацевт» номинацияларын иеленсе, үшінші орынды –Тыныштық Айдана, екінші орынды Аманжан Айкөркем иеленді.
Ал «Үздік фармацевт-2018» атағын Умирзакова Айнұр иеленіп, жеңіске жетті
Байқау өз мақсатына жетті.


