В здоровом теле здоровый дух

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледж ұжымы 9 ақпан күні «Дені саудың- жаны сау» атты спорттық шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты: 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Корея Республикасының Пхенчхан қаласында өткізілетін 23-ші Қысқы олимпиада ойындарына қатысатын еліміздің спортшыларын қолдау, колледждің оқытушылары мен қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануына, спортпен шұғылдануына ықпал ету.

Спорттық шара барысында эстафеталық шаңғы, шана жарыстары және таза ауада түрлі сергіту сәттері, флешмобтар ұйымдастырылды. Аталмыш спорттық шара әсерлі, қызықты өтіп, шараға қатысушыларға табиғат аясында жақсы демалыс тамаша көңіл-күй сыйлады.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой