«Менің мамандығым – менің келешегім»
221 «Фармация» тобының ұйымдастырумен «Менің мамандығым – менің келешегім» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты кәсіби мамандармен кездесу түрінде жүргізілді.Тәрбие сағатының мақсаты: студенттердің мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, жауапкершілік, еңбексүйгіштік тәрізді ұлттық құндылықтарын бойларына сіңіру, өмірде өз орнын таба білуге үйрету.
Ашық тәрбие сағатына «ТКфарм» зауытының директоры.Ж.Ж.Туреханова мен колледж түлектері Г.Нұрғалиева мен Д.Омар қатысып, болашақ мамандардың Қазақстан фармация саласының дамуында алатын орнының ерекшеліктерімен таныстырды.Қонақтар кездесу барысында өз іс-тәжірибесі мен бөлісіп, студенттерді адалдыққа, еңбекқорлыққа шақырды.


