2022 жылдың 1 қазан күні «Ұлағатты ұстаздар» мерекесіне орай, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Жоғары медициналық колледжінде, оқытушылар арасында волейболдан және үстел теннисінен жарыс өтті. Жарыстың өткізу мақсаты-салауатты өмір салтын қолдай отырып, ұжымда ауызбіршілік пен ынтымақтастықты қалыптастыру. Жарысқа колледжіміздің бірлестіктері қатысты. Волейболға «Колледж әкімшілігі», «Ақпараттық технология», «№1 Арнаулы пәндер», «№2 Арнаулы пәндер», «Фармация», «Анатомия», «Стоматология», «Жалпы гуманитарлық», «Жалпы білім беретін» және «Мейіргер ісі» ЦӘК оқытушылары қатысып, белсенділік көрсетті.
Ойын нәтижесі бойынша:
1 орын - «Жалпы гуманитарлық» және «Жалпы білім беретін» ЦӘК командасы
2 орын - «Әкімшілік» командасы
3 орын - «№2 Арнаулы пәндер» командасы иеленді.
«Ер азаматтар»командасы
1 орын - Даулетов Нурболат
2 орын - Нармагамбетов Болатбай
3 орын - Сексенбай Заманбек
«Қыздар» командасы
1 орын - Каукакова Гүлдана
2 орын - Арипова Әсем
3 орын - Шуканова Сулу
