Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні колледжінің спортзалында Халықаралық   мейірбекелер күніне арналған колледжішілік спорттық-әскери көңілді эстафета сайысы  өтті. Аталған шараны ұйымдастырушылар – колледж кәсіптік одағы, денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәні оқытушылары.  Оқытушылар мен студенттер арасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортқа баулу. Бұл сайысқа «Жалын», «Самғау» оқытушылар және «Қыран» студенттер командалары  қатысты. Жарысқа қатысуда бөлім меңгерушілер мен кафедра ЦӘК төрайымдары қолдау көрсетті. Сайыс спорттың 9 түрінен өтті. Капитандар сайысында гір көтеруден үздік нәтиже көрсеткен  «Самғау» командасының капитаны Длимов Аслан.Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынға «Самғау», 2 орынға «Жалын», 3 орынға «Қыран» командалары ие болды. Келесі әскери сәлемдесу және ән байқауында студент қыздарымыз жақсы өнер көрсетті. Сонымен қатар автоматты толық және толық емес бөлшектеу сайысы өте қызықты өтті. Үздік команда кубокпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой