«Үстем болсын мерейің, ана тілім!»
Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай 2015 жылы қыркүйек айында «Ақындар» клубының жетекшілері 1 курс студенттерінің арасында «Тіл тұтастығы- ел тұтастығы» тақырыбында шығармалар байқауын, Тілі бірдің- тілегі бір» (сыр шертеді суреттер) атты суреттер байқауын ұйымдастырып және 1 курс студенттерін қатыстыра отырып, «Үстем болсын мерейің, ана тілім!» атты салтанатты кеш өткізді.

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, оның мәртебесін биік ұстауға, тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбары, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екендігін терең түсінуге, жас өркеннің ой- өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым- қатынасын нығайтуға, қазақтың ақын-жазушыларын құрметтеуге, халықтар достығын, ұлтаралық қарым- қатынасты сақтауға тәрбиелеу.
