«Менің мамандығым – менің болашағым»

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой2018 жылдың  29 наурыз күні  кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұратындығы туралы мағлұмат беру арқылы түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін, бәсекеге қабілеттіліктерін  барынша арттыру мақсатында «Фармация» және «Стоматология» бөлімінің бітіруші топтарына арналған  «Менің мамандығым – менің болашағым» атты тренинг өтті.

Іс-шара барысында колледж заңгері  І.Т. Нұрмаганбетов жеке кәсіпкерлікті дамытудың қыр-сырлары туралы айтты. Сонымен қатар  студенттер  өздерінің ойларын ортаға салып әр-түрлі сұрақтар қойып қызығушылықтарын білдірді.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой