WorldSkills Aktobe-2021 чемпионатының «Фармацевтика» құзіреттілігі бойынша Колледжішілік чемпионаты
Дәстүрлі шара биыл осымен 3-ші мәрте наурыз айының 25 – 27-ші жұлдызында ұйымдастырылып отыр. Чемпионаттың мақсаты — студенттерге медициналық мамандықтардың мәртебесін арттыру, кеңінен таныстыру. Чемпионат шеңберінде бірнеше бағыттағы кәсіби шеберлік сайыстары өтті. Бұл чемпионатқа «Фармация» мамандығы бойынша 5 студент қатысып, күш сынасып, қабілеттерін тексерді. Аймақтық чемпионатқа қатысу мүмкіндігі үшін талпынды. Чемпионатта 3 аймақ бойынша бақ сынасты. Олар:I – Аймақ: Дәрілік препараттарды, дәрілік өсімдік шикізатын және дәріхана ассортиментіндегі тауарларды қабылдау, бақылау, сақтау. II – Аймақ: Рецептер мен медициналық ұйымдардың талаптары бойынша дәрі- дәрмектерді дайындау. III – Аймақ: Тұтынушыларға фармацевтикалық кеңес беру, дәрі- дәрмектерді, дәрілік өсімдік шикізаттарды және дәріхана ассортиментінің басқа да өнімдерін халыққа босату. Чемпионаттың нәтижесі бойынша 319 «Фармация» тобының студенттері Базарова Шырын I – дәрежелі дипломмен, Баймбетова Жадыра II – дәрежелі дипломмен, Кусайынова Зарина III – дәрежелі дипломмен, 320 «Фармация» тобының студенттері Жумагазин Асхат, Умирбекова Молдир Алғыс хаттармен марапатталды. Чемпионат болашақ медицина қызметкерлерінің білім дағдыларын шыңдауға мол мүмкіндік берді. Жеңімпаздар сәуір айында болатын аймақтық чемпионатқа жолдама алды.



