«Үздік фармацевт 2019» республикалық байқауы.
Фармацевт кадрларының оң имиджін қалыптастыру болашақ фармация саласы мамандарының қызығушылығын жоғарлату және үздік фармацевті анықтау мақсатында Тараз қаласында «Үздік фармацевт 2019» республикалық байқауы өтті. 16 аймақтан келген «Фармация» бөлімінің бітіруші түлектері бірінші кезеңде тест тапсырмаларын орындады, екінші кезеңде, фармакология, фармакогнозия, маркетинг және менеджмент негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және экономикасы, дәрілік түрлер технологиясы пәндерінен тәжірибелік тапсырмалар орындады.

Колледжеміздің фармация бөлімінің студенті Деркач Анастасия «Үздік фармаколог» номинациясына ие болды.

