«Фармация» бөлімінің ІІІ курс студенттерінің арасында «Фармацевтика» құзыреттілігі бойынша колледжішілік WorldSkills - 2019 чемпионаты
Колледжімізде жыл сайын бітіруші түлектер арасында өткізілетін «Үздік фармацевт» сайысы осы жылы 11-15 наурыз аралығында колледж ардагері С.Байнекешова құрметіне арналып, «Фармацевтика» құзыреттілігінде Worldskills чемпионаты форматында өткізілді.
Республика бойынша медициналық колледждер арасында біздің колледж алғашқы болып, өткізіп отыр
Чемпионаттың 1- кезеңінде бітіруші топтардан 51 студент тест тапсырмаларын орындаса, жоғары балл жинаған 6 студент 2- кезеңіне өтті. Бұл кезеңде келесі аймақтардағы тапсырмалар орындалды:
1 аймақ : Дәрілік өсімдік және өсімдік шикізатын анықтау.
2 аймақ: Дәріхана жағдайында дәрілік заттарды қабылдау және сақтау.
3 аймақ: Дәріхана жағдайында дәрілік түрді дайындау.
4 аймақ: Дәріхана жағдайында дәрілік заттарды босату.
Бас сарапшы, фармация Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департамент басшысыР.А.Кубатаев теориялық білімдері мен тәжірибелік іс-дағдыларды ұштастырып, өзін белсенді көрсеткен сайыскерлерді марапаттады:
«Үздік фармацевт — 2019» номинациясымен 1-орын иеленген Деркач Анастасияны;
ІІ –орын иеленген Егизбаева Ақсаулені;
ІІІ –орын иеленген Жетенкеева Шынарайды.
Чемпионат жеңімпазы Деркач Анастасия Тараз қаласында «Фармация» мамандығы бойынша өткізілетін «Үздік фармацевт — 2019 жыл» атты Республикалық медицина колледждерінің түлектері арасындағы сайысқа жолдама алды.


