«Күйіктің заманауи аспектілері және емі»
Сәуір айының 3 ші жұлдызы күні «Хирургия, акушерия және гинекология» ЦӘК ұйымдастыруымен «Күйіктің заманауи аспектілері және емі »тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел мақсаты: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының 2016 – 2020 жылдарға арналған «Денсаулық» атты Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және күйіктің заманауи аспектілері мен емі туралы ақпарат беру.

Дөңгелек үстелге «Хирургия, акушерия және гинекология» ЦӘК оқытушыларымен қатар, қалалық және аудандық медициналық мекемелерінің медбикелері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында ЦӘК оқытушысы қазіргі таңда ауқымды мәселеге айналған «Өрт қауіпсіздігін сақтау» шеберлік сабағын көрсетті.
