«Үздік медбике -2018»
2018 жылдың 28 ақпанында колледжіміздің «Мейіргер ісі» бөлімшесінде дәстүрлі «Үздік медбике -2018» байқауы өтті. Байқауды өткізудің мақсаты: студенттердің кәсіби дайындығын бағалау, болашақ маман ретінде творчестволық дамуына ықпал ету және ерекше епті де дарынды түлектерді анықтау.

Бірнеше кезеңнен туратын байқауда бітіруші түлектер бақ сынасты. Медициналық ұйымдардан келген тәжірибелі медбиклер: Д.Журабекова — интервенциялық кардиология бөлімшесінің аға медбикесі
Г.Убениязова Ақтөбе Медициналық Орталығының «Балалар стационары » соматикалық бөлімшесінің аға медбикесі, Б.Исмаилова Ақтөбе Медициналық Орталығының хирургиялық бөлімшесінің аға медбикесі қазылық жасауларымен

бас жүлде «Үздік медбике — 2018» атағына 407 топ студенты Жонысова Бегайым ие болды. І орын Шегебаева Арайлым 307 топ, ІІ орын Жандуллина Назерке 314 топ, ІІІ орын Мифтахова Рамиля 408 топ студенттері алды. 406 топ студенті Рамазанова Динара «Үздік презентация» номинациясында алға шығып, 315 топ Дүйсенбаева Жадыра «Ерекше ептілігі үшін»мақтау грамотасымен марапатталды.

