Емдеу ісі

Тукешова Гулмира Сергазиевна – бөлім меңгерушісі, арнайы пән оқытушысы
Білім беру бағдарламысының құрылымы:
Мамандық — 09120100 «Емдеу ісі», біліктілігі -4S09120101 «Фельдшер»;
Мамандық — 09130200 «Акушерлік іс», біліктілігі -4S09130201 «Акушер»;
Мамандық — 09160100 «Фармация», біліктілігі— 4S09160101 «Фармацевт».
09120100 – «Емдеу ісі» біліктілігі 4S09120101 «Фельдшер», 09130200 – «Акушерлік іс» біліктілігі 4S09130201 «Акушер» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны
Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:
09120100 «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі 4S09120101 «Фельдшер», 09130200 «Акушерлік іс»мамандығы, 4S09130201 «Акушер» біліктілігі бойынша біліктілік деңгейіне сәйкес келетін базалық құзыретке ие болуы тиіс:
— кәсіби іс-әрекетке байланысты шет тіліндегі және қазақ (орыс) тілдеріндегі мәтіндерді сөздікпен аудару және оқуға қажетті лексикалық және грамматикалық минимумдарды меңгеру;
— Қазақстан тарихының тарихи құбылыстарын және үрдістерін оқу барысында шынайы –тарихи жағдайларды талдау іскерліктерін меңгеру;
— денсаулықты шынықтыру, өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету үшін дене шынықтыру –спорттық іс-әрекеттерді қолдана білу;
— әлемнің және аймақтың негізгі тарихи-мәдени орталықтарын, мәдениет түрлерін және этникалық құндылықтары жайлы түсінігі болу;
— қоғамда адамдар арасындағы қатынасты реттеу адамгершілік ережелерін, диалектикалық дамудың негізгі заңдары мен заңдылықтарын білу, тәжірибеде негізгі түсініктерді және заңдарды қолдана білу;
— саяси жүйе және саяси тәртіп, саясатқа деген адамдардың көзқарасы жайлы түсінігі болу;
— экономика негізі жайлы ережені білу, экономика негіздерін меңгеру, елдегі және шетелдегі экономикалық жағдайларды меңгеру;
— қазіргі компьютерлік технологиялар жайлы және де оларды қазіргі медицинада қолдану жайлы түсінігі болу, кәсіби іс-әрекетте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білу;
— рецепт жазу, гректік-латындық терминдердің мағынасын түсіндіру, дәрілік заттардың фармакодинамикасының және фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын білу;
— өмірдің пайда болуы және дамуының жалпы заңдылықтарын, тіндердің жасушаларының қызметін және құрылысын, мүшелер мен жүйелердің қалыпты және патологиялық жағдайларын білу;
— тұқым қуалайтын аурулардың түрлерін және айқындау әдістерін меңгеру және клиникалық пәндерді өту кезінде алған білімдерін қолдана білу;
— аурудың пайда болуында, дамуында, соңында және организмнің жауап қайтару жағдайына әсер ететін себептерді және адам денесіндегі барлық мүшелер мен тіндердің құрылымын және орналасуын, олардың негізгі атқаратын қызметтерін білу және алған білімдерін клиникалық тәжірибеде қолдана білу;
— жас кезеңдері бойынша адам физиологиясын білу және оларды арнайы пәндерде қолдана білу;
— патологиялық реакциялардың сипатын анықтау, микропрепараттар бойынша әртүрлі патологиялық процестерді микроскопиялау және салыстыру тәсілдерін игере білу;
— микробтардың, вирустардың табиғатын, олардың инфекциялық үрдістердің дамуындағы маңызын, инфекциялық бақылау және медициналық мекемелердегі медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін білу.
09120100 «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі 4S09120101 «Фельдшер», 09130200 «Акушерлік іс»мамандығы, 4S09130201 «Акушер» біліктілігі бойынша кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін кәсіптік құзыретке ие болуы тиіс:
— мейірбикелік күтім ұйымдастыру және науқастарды қадағалау, манипуляцияларды және дағдыларды орындау іс-әрекеттерін игеру;
— мүшелер мен жүйелердің қызметінің бұзылуының негізгі симптомдарын және синдромдарын білу;
— науқастарды зертханалық және аспапты тексеру әдістеріне дайындау әдістемелерін игеру;
— ересек және балалы тұрғындар арасында дәрігерге дейінгі және білікті медициналық шұғыл көмек көрсету, медициналық көмек көрсету сапасының халықаралық стандарттар аумағында құзырлы болу;
— санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізе білу;
— науқастармен, науқастың туыстарымен, әлеуметтік қызмет мүшелерімен және қызметтестермен тиімді қарым-қатынас құрастыру және жүргізе білу;
— клиникалық симтомдарды анықтауды, болжама диагноз қоюды, ауру балаларды күтуді жүргізе білу;
— баланың дұрыс физикалық және психикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған алдын-алу шараларының дағдыларын игеру;
— әртүрлі зақымдануларда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін игеру, хирургиялық науқастарды күту әдістерін, өкпелі-жүректік жандандыру әдістерін игеру;
— гинекологиялық бөлімшелерде және босану үйлерінде арнайы манипуляцияларды орындау және күтім дағдыларын игеру;
— зақымданған және жарақаттанудың негізгі симптомдарын, диагностика әдістерін, емдеу және шұғыл жәрдем көрсетуді білу және апат аймақтарында жұқпалы аурулардың пайда болу мүмкіндіктерін ескерту және келеңсіз жағдайларда тұрғындардың денсаулығын сүйемелдеу негіздерін білу;
— барлық жас кезеңдерінде аурулар дамуында және критикалық жағдайларда белсенді терапия және жансақтау әдістемелерін игеру және аурухана жағдайында науқастарды реабилитациялау және қалпына келтіру емін жүргізуді білу;
— конфликттерді шешудің дағдыларын, коммуникативті дағдыларды игеру, алған білімдерін күнделікті өмірде және кәсіптік жұмыста қолдану, науқастармен, олардың туысқандарымен, қызметтестермен сұқбаттасу этико-деонтология негізіндегі дағдыларды игеру.
09120100 «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі 4S09120101 «Фельдшер», 09130200 «Акушерлік іс» мамандығы, 4S09130201 «Акушер» біліктілігі бойынша кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін арнайы құзыретке ие болуы тиіс:
— күтім бойынша барлық манипуляцияларды өздігінше орындау, медициналық мекемелерде нормативті және медициналық құжаттарды рәсімдеу;
— ішкі мүшелердің ауруларының симптомдарын анықтауды игеру, манипуляциялар іс-әрекетін игеру;
— медицина қызметкерлерін және науқастарды инфекциялық қауіпсіздігін және инфекциялық бақылау талаптарын орындау;
— дәрігер тағайындаған емдік, диагностикалық, алдын-алу шараларын орындай білу;
— күрделі манипуляцияларды жүргізу кезінде аспаптарды дайындау және дәрігерге көмектесуді игеру;
— физиотерапиялық әдістердің негізгі түрлерін орындау, емдік гимнастика бойынша сабақ жүргізу, массаж әдістерін игеру, психотерапия элементтерін қолдана білу;
— инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды және иммунопрофилактика іс-әрекеттерін игеру;
— кезек күттірмейтін операциялар үшін науқастарды зертханалық, функционалды, аспапты тексеру әдістеріне даярлау іс-әрекеттерін игеру;
— нақты науқастағы дәрілік заттың әсерін бағалау, дәрілермен уланғанда дәрігерге дейінгі көмек көрсете білу;
— контрацепция әдісімен жанұя құруды жоспарлау бойынша кеңес жүргізе білу;
— жандандыру, жансақтау, емдеу-сауықтыру, санитарлық-гигиеналық, санитарлық-ағарту шараларын кәсіптік құзырлығымен орындай білу;
— ауыр және терминальды жағдайдағы науқастардағы негізгі симптомдар мен синдромдарды айқындау және жағдайын бағалау, кезек күттірмейтін жағдайларда дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету;
— өмірге қауіп төндіретін және шұғыл жағдайларда медициналық көрсете білу;
— салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың алдын алу шараларын жүргізу;
— емдеу-қорғау, санитарлық-гигиеналық, санитарлық-эпидемиологиялық тізімдерінің талаптарын орындай білу;
— зертханалық тексерулерге материал жинауды жүзеге асыра білу;
— дәрігерге дейінгі арнайыланған медициналық көмек көрстеу;
— гинекологиялық аурулардың емін және клиникалық симптоматикасын және гинекологиялық шұғыл жағдайларда және олардың алдын алуды білу;
— әйел жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерлі емес ісіктерінің клиникалық белгілерін, олардың диагностикасын, емдеу принциптерін және алдын алу шараларын білу;
— әйелдерді диспансерлеуді ұйымдастыру және жүргізу, оның тиімділігін және гинекологиялық науқастарды ауруханаға жатқызу көрсеткіштерін білу;
— жанұяны жоспарлаудың, гинекологиядағы емнің және алдын-алудың заманауи әдістерін білу.
09120100 «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі 4S09120101 «Фельдшер», 09130200 «Акушерлік іс» мамандығы, 4S09130201 «Акушер» біліктілігі бойынша бітірушінің кәсіптік қызметінің объектілері әр түрлі жас аралықтарындағы үлкен адамдар және балалар болып табылады.
«Фельдшер» біліктілігіне арналған оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:
— ауруханаларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда (ДА), фельдшерлік-акушериялық пункттерде (ФАП), медициналық-санитариялық алғашқы жәрдем (МСАЖ) орталықтарында емдік-диагностикалық шараларға, әртүрлі жас аралықтарында науқастарға алғашқы медициналық және санитариялық көмек көрсетуге қатысу;
— жіті ауруларда және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету және науқастың жағдайын бағалау;
— медициналық мекемелерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтау;
— эпидемияның шұғыл жағдайында жаппай зақымдану ошағындағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету;
— жаңа ақпараттық технологияларды, әдістемелерді, тәсілдерді, ақпараттарды беру және сақтауды қолдану;
— науқасты реабилитациялауға және әлеуметтік қорғаныс органдарының, қайырымдылық қызметтерімен бірлесіп интернат үйлеріне, жалғызбастылар хоспистеріне, қарттарға, мүгедектерге және созылмалы ауруы бар науқастарға көмек көрсету және орналастыруды ұйымдастыруға қатысу;
— науқастармен және олардың жанұяларымен бірігіп жұмыс жасау, науқастың құқығын сақтау және әртүрлі жас топтарындағы тұрғындардың денсаулығын демеу және нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
— науқастардың денсаулығы үшін қатерлі ықпалдар (физикалық, психикалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) жөніндегі және осы ықпалдарының денсаулыққа әсері жөніндегі сұрақтар бойынша тұрғындарға кеңес беру;
— әр жас кезеңіндегі науқасты және оның жанұясын денсаулық сақтау мәселелері бойынша оқыту, күтім көрсету;
— әр жас кезеңіндегі балалардың нервтік-психикалық дамуы, имуннопрофилактика, диспансерлік бақылау жөніндегі сұрақтар бойынша кеңес беру;
— зерттеудің қазіргі тәсілдерін қолдана отырып, диагностикалау және салыстырмалы диагностика жүргізу, сондай-ақ балаларда жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын-алуды жүзеге асыру;- алғашқы медициналық-санитариялық ұйымдарда нормативтік құжаттарды рәсімдеу;
— қызметтестермен бірігу және бірлесе жұмыс істеу;
— аурулардың алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
«Акушер» біліктілігіне арналған оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:
— әртүрлі саладағы акушерлік және гинекологиялық бөлімшелерде, перинатальды орталықтарда және анамен баланың денсаулығын сақтау орталығында, әйелдер кеңесінде, стационарлық және емханалық типтегі медициналық ұжымдардың бөлімдерінде және диагностикалық-көмек көрсету қызметтерінде жүкті, босанатын, босанған, гинекологиялық науқастарға емдік-диагностикалық көмек көрсету;
— асқынбаған босануда өздігінше, ал патологиялық босану кезінде және босанудан кейінгі кезеңде дәрігер акушер-гинекологпен бірігіп медициналық көмек көрсету;
— мамандықтың саласы бойынша жіті аурулар және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсету;
— бөлімшелерде (әйелдер кеңесінде, бөлмеде) санитарлық-гигиеналық және санитарлық –эпидемиологиялық түзімдерді сақтау;
— нормативті медициналық іс-құжаттарды алғашқы медико-санитарлық ұжымдарда ұйымдастыру;
— эпидемия жағдайында, көлемді зақымдану ошақтарында келеңсіз жағдайларда тұрғындарға медициналық көмек көрсету;
— гинекологиялық ауруларды айқындау мақсатында әйелдерді алдын-ала қарау (дәрігермен бірге немесе өз бетінше);
— пациенттің әлеуметтік тұрмыстық жағдайын, жанұя жағдайын ескере отырып, денсаулығына ықпал ететін физикалық, психикалық, әлеуметтік және мәдени қауіп-қатер ықпалдарын анықтау;
— тұрғындар арасында, сондай-ақ жасөспірімдер арасында жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін контрацепцияның заманауи әдістерін және жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың алдын алу үшін қажетті әдістерді енгізу шараларын жүргізу;
— акушерия-гинекология саласындағы медициналық ұжымдардың құрылымдық бөлімдеріндегі пациенттердің және медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін және инфекциялық бақылау жүйесін жүзеге асыру.
09120100 «Емдеу ісі» білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ТжКБ ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережесіне сәйкес 4S09120101 «Фельдшер» біліктілігіне негізгі орта, жалпы орта білімі бар, ал 09130200 «Акушерлік іс», 4S09130201 «Акушер» біліктілігіне жалпы орта білімі бар қабылдау емтихандарын табысты тапсырған тұлғалар оқуға түседі. Оқу күндізгі оқыту түрінде жалпы орта білім беру базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім беру базасында — 3 жыл 10 ай.
Жалпы орта білім беру базасында – 2 жыл10 ай.

09160100 «Фармация» мамандығы, 4S09160101 «Фармацевт» біліктілігі бойынша білім беру бағдарламысының мазмұны
09160100 «Фармация» мамандығы, 4S09160101 «Фармацевт» біліктілігімен студент
базалық құзіреттілікті меңгеру қажет:
-Қазақстан тарихының негізгі дәуірлері мен кезеңдерін, ретін, негізгі тарихи деректерді, оқиғаларды білуі, Қазақстанның ежелгі және қазіргі қоғам қайраткерлерінің сіңірген еңбектерін, казіргі заманның рухани, мәдени, интелектуалды,экологиялық құндылықтарының негізін бағалай білуі керек;
-мемлекеттік тілді және ұлтаралық тілдерді жетік игеруі, шетел тілінің кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқып және аудару үшін (сөздікпен) лексикалық және грамматикалық минемумын білу, іскерлік тіл негіздерін игеріп,кәсіби лексиканы сауатты қолдана білуі керек;
– сыртқы ортаны, қоршаған табиғатты сақтауға жан – жануарларды қорғауға арналған, дене шынықтыруға және жалпылай спорттың дамуына, әдептілікке, көркем танулыққа, имандылыққа бағыттайтын іс – шараларда өз септігін тигізу ;
– адамзаттың денсаулығын сақтауға, қорғауға және аурудың алдын алуға б азаматтық бостандығы мен құқығының негізін және олардың құрылымын, жүзеге асыру механизмдерін, адамдардың қоғамдағы арақатынасының адамгершілік нормаларын, кәсіби іс – қимыл атқарудың құқықтық және адамгершілік – этикалық нормаларын білуі керек;
-ағытталған шараларға ат салысып, салауатты өмір салтын ансихаттап, денсаулықты жақсартуға бағыттайтын жағдайлар жасап,денсаулыққа төніп тұрған қатерлерді азайтуға ат салысуы керек;
– халықаралық достастық пен қарым – қатынастың нығайуға, ұлттардың салт – дәстүрлеріне түсіністікпен қарайтын іс – әрекеттерді игеруге, әлеуметтік, нәсілділік ұлтшылдық түсініспеушіліктердің болмауына ықпал ететін іс- шарларға ат салыса білуі керек ;
-алған білім мен біліктілігін кәсіби іс – әрекеттерімен ұштастырып, неғұрлым дербес қызмет көрсете алуға және білімін үнемі жетілдіруге тырысып. Кәсіптік қызметіінде білікті және дағдылы болуға, жаңа технологияларды игеруге ынталануы тиіс, кәсіби құзіреттілікті меңгеру қажет:
-медициналық терминдермен латын тілін негізін, шипашақтардағы стандартты жазба үлгілерімен сөздіктерін игеріп, дәрілік препараттардың патенттелген, халықаралық, саудалық фирмалық аталымы бойынша жазылымдарын білуі керек;
– дәріханалық жағдайда дәрілік нысандардын өндіру негіздерін анықтай білуі, дәрілік заттарды қолдану, дәріханалық ұйымдардағы шипашақтық-өндірістік бөлімнің ұйымдастырылу ретін, бөлімнің міндеттері мен қызметін, жұмыс орындарының құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету ережелерін білуі керек;
– құралсыз көзге көрінбейтін мейлінше ұсақ тірі денелердін марфологиясы мен физиологиясын, жұқпалы ауру қоздырғыштарының түрлерін және олардың ағзаға ену жолдарын, арнайы және алдын алу емдік іс- шараларын, санитария және гигиена негіздерін санитария-гигиеналық зерттеу әдістерін анықтауы тиіс;
– тірі материяның жаратылу денгейлерін, гендік-инженерлік және жасушалық биотехнологияның жетістіктерін, адамның макро және микроқұрылымының өмір сүру негіздерін, физиологиялық процестердің өзіндік реттелу үрдістерін –физиологиялық зерттеулер әдістерін анықтай алуы керек;
– тіршілікті қамсыздандыру жағдайларын ұйымдастыру негіздерін, төтенше жағдайда дәрігерге дейінгі көрсетілетін алғашқы көмек берудін мақсаттарын және ұйымдастыру принциптерін, тосын жағдайда көшіру – емдеу жұмыстарының жүргізілуін, радияциядан және улайтын заттардан қорғану әдістерін анықтай алуы тиіс;
– ойлау-талдау шенберлерінің кенейуіне және табиғаттын қадыр қасиетін түсінуіне ықпалдайтын тіршіліктін пайда болуын және дамуын, тірі ағзалардын жіктелуін және топтамалануын, тірі табиғаттың жіктемесін және атқаратын міндеттерін, олардың бір бірімен байланысын және тірі ағзаның өлі ағза мен байланысын, өмір сүру денгейлерін, жасушалық және даму теориясын, экологиялық және биологиялық зандылықтардың ілімдерін анықтай білуі керек;
– өмір сүру үрдістерінің молекулалық негіздерін, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың молекуласындағы атомдардың бір-біріне әсерін және химиялық байланыстардың, заттардың сандық және сапалық тандау әдістерін білуі тиіс;
– дені сау ағзаның құрылымы мен атқаратын қызметі мен адам ағзасында ауруға себеп болатын патологиялық үрдістердін пайда болу зандылықтарын, қорғану-икемделу іс-әректтердің қалыптасу механизмін, ағзаның реттеуінің рөлін және қоршаған сыртқы ортаның әсерін анықтай білуі тиіс;
– фармацевтикалық нарыққа тауарлар түрлерін ұсына білуді, шипашақсыз болатылатын дәрі-дәрмектердің аналогтарын (ұқсас) ұсына (мүмкіншілігінше дәрігермен кеңесіп) білуі тиіс;
– еңбектік ғылыми әдістемелерді (EFA) жүзеге асыру үшін, шипашақтық- өндірістік бөлімде дәрілік нысандарды өндіруге қажетті жұмыс орындарының санын өндіру жағдайларын (асептикалық жағдайларда және асептикалық жағдайларды қажет етпейтін дәрілік нысандарды өндіру), қолдану тәсілдерін (ішкі вғзаға дене сыртына пайдаланылатын), дәрілік нысандар түрлерін (ұнтақтар, ертінділер, майлар, тамшылар, суппозиторилар), тұтынушылардың белгілерін ескере отырып анықтай білуі керек;
– Әрбір фармацевтикалық пәндер саласының даму тарихын білу, қазіргі күнге дейін сақталып келе жатқан негізі фармацевтикалық терминдер тіркестерін мағнасын және маңызын, олардың кез – келген өндірістегі, ұжымдардағы, ғылыми – техникалық бағыттардағы пайдалану үйлесімділігі мен әсерлерін білуі керек;
– ҚР тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудін басқару құрылымын, дәрілік заттар айналымы саласының заңдық базасын және нормативті – құқықтық негіздерін, фармацевтикалық нарықтағы тауарайналым жүйесінің ұйымдық қызметтерінін негіздерін, дәріханалық мекемелердін түрлерін және құрылымын анықтай білуі қажет;
Арнайы құзіреттілікті меңгеру қажет:
– фармацевтикалық ақпараттар көздерін және ұсыныстарды ұсыну әдістерін анықтап, дәрі-дәрмектердән сатылым жылдамдығына және тағайындалу жиелігіне сүйене отырып, ассортиментік сараптама жүргізуді білуі, дәрі-дәрмектерге жарнама жүргізу барысында этикалық және ғылыми қағидаларға жүгінуі тиіс;
Фармацевтикалық тауарларды белгіленген нормалар бойынша сатылым үдерісін қамтамасыз етуі қажет;
тауарларлық – материалдық құндылықтардың тасымалдану, орналастыру кездерінде сақталуын қадағалап қамтамасыз етуі қажет;
санитарлық талаптарды және жеке басына қойылатын гигиеналық талаптарды, еңбек ету тәртібін сақтай білуі тиіс;
– фармацевтикалық кәсіби іс- шараларын жүргізу барысында Мемлекеттік Фармакопеяны, нормативтік – құқықтық құжаттарды, ақпарттарды қолдана білу тиіс;
– шипашақтарға ҚР нормативтік – құқықтық құжаттардың талаптарына сай фармацевтикалық талдау жүргізуді, шипашақтардың (талаптық құжаттарды) рәсімделуінің дұрыстығын, құрамдас заттардың бір – бірімен үйлесімділігін, жазылған доза мөлшерлерінің сайлығын анықтауды, төлем құнын санап шипашақтарды тиісті құжаттар бойынша есепке алуды және төленгеннен соң дәрі – дәрмектерді босата алуы тиіс;
– шипашақтардағы жеке, стандартты және магистральды жазбашалар бойынша дәріхана жағдайында түрлі дәрілік нысандарды дайныдап, белгіленген талаптарға сәйкес әрбір дайныдалған дәрілік нысандарға жазбаша бақылау паспортын толтыра білуі тиіс;
– дайындалған дәрілік нысандарға дәріханаішілік сапалық бақылау сараптама жүргізуді, есептеуді және дәрілік заттарға сандық және сапалық сараптама жүргізіп, нәтижесін тиісті құжаттарға рәсімдеуді, ҚР нормативтік – құқықтық құжаттардың талаптарына сай ауытқуларды анықтай білуі тиіс;
– тауарлар қозғалысын есепке алып, кіріс және шығыс тауарлық құжаттамаларды жүргізуді, қаржылық – шаруашылық іс – шараларында пайдаланатылатын іс – құжаттарын анықтай білуі тиіс;
– тиісті кіріс және шығыс құжаттары бойынша заттық – сандық есеп жүргізуді, тауарлы – материалдық құндылықтардың өзіндік шығыстарын шамалары бойынша есептеп шығаруды білуі керек;
– тауарлық материалдық құндылықтарды есепке алып, есеп беру жұмыстарын жүргізе білуі тиіс;
– дәріханалық ұйымдарда тауарлық қорларды есепке алу жұмыстарын жүргізе алу тиіс (алынуын, қозғалымын, шығысын);
– өсімдіктің сырт келбетіне қарай тану, ботаникалық көрсеткіштерін анықтау, өмірсүру үдерістерін, өсімдіктің таралуын, қоршаған ортамен және бір – бірімен байланысын, Қазақстанда өсетін жабайы өсімдіктерідің түрлерін біліп, дәрілік өсімдіктердің өсетін жерлерін және жақсы өсетін жерлерін анықтау арқылы карта құрастыра алуы тиіс;
– дәрілік өсімдік шикізаттарының жүйесін, латынша аталуын, анатомиялық – диагностикалық көрсеткіштерін, өсу орнын және аймақтарын, медицинада қолдануын, гербарийлер мен микропрепараттар дайындауды, дәрілік өсімдік щөптерге микро және макроскопиялық сараптама әдістерін анықтауы тиіс;
– зерттеуге қажетті микроскопты қолдану ережесін, дәрілік шөпті жинау әдістерін, шөпті өсіру және дайындау сатыларын, дірілік шөптер шикізатын кептіру және дайындау тәртіптерін, жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді жинау техникасын, улы шөптер шикізатын жинау техникасын, кесілген және майдаланған ұнтақтық щикізаттың түп нұсқасын анықтау ережелерін білуі тиіс;
– әртүрлі факторлардың дәрілік заттардың әсерлерін тәуелділігін, дәрілік препарттардың фармакоденамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын, олардың жылпы жанама және уытты әсерлерін, қолдануға оң және теріс көрсетілімдерін қоса отырып, дәрілік препараттардың аналогтары (ұқсас) мен синонимдерін білуі керек;
– дәрі – дәрмектерге деген сұранысты жобалап, оынң сұраныс деңгейін анықтауды, фармацевтикалық нарықтағы баға деңгейіне, мүмкіншіліктерге сараптама жасауды, бағаны қалыптастыру әдістерін қолдана, дәріханалық ұйымдардың тауарайналымына әсер ететін факторларды анықтай білуі тиіс;
– тауарлардың асортименттік түрлерін сараптау арқылы өтімді, пайдалы, тиімді және сұранымдық тауарларды саралап, тауарлар қорының қажетті шамасын анықтай алуы тиіс;
– тауарларды сөрелер мен қабаттарға сатылу мөлшеріне әсер ететін жағдайларды, тұтынушылардың сату бөлмесіндегі іс – әрекеттерін ескере отырып, тиімді орналастыра білу тиіс.
09160100 «Фармация» мамандығының кәсіби қызметінің түрлері:
-жалпы фармацевтикалық: фармацевтикалық өнімді көтерме-бөлшек сауда арқылы босату;
-өндірістік: дәрілік нысандарды дәріханалық жағдайында дайындау,
-ақпараттық-сараптамалық;
-ақпараттық-кеңестік;
-маркетингтік;
-инновациялық.


09120100 «Емдеу ісі», 09130200 «Акушерлік іс», 09160100 «Фармация» бөлімдері 2024-2025 оқу жылы
№ | Топтар | Оқуыту тілі | Бюджет внебюджет | Студент саны | Топ жетекшісі |
1 | 101 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | бюджет | 25 | Мауениязова Д |
2 | 102 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | бюджет | 25 | Мысаева Г.Ж |
3 | 103 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | бюджет | 25 | Таймагамбетова А |
4 | 106 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл | каз | бюджет | 25 | Ділжан М |
5 | 107 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл | каз | бюджет | 25 | Таңат Ғ.Ж |
6 | 126 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл | каз | внебюджет | 21 | Қанатбаева А |
7 | 122 «Акушерлік іс» 11кл | каз | бюджет | 25 | Байназарова А.А. |
8 | 123 «Фармация» 11кл | каз | бюджет | 25 | Карагаева Л.У |
9 | 201 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | бюджет | 25 | Мысаева Г.Ж |
10 | 202 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | бюджет | 25 | Халмуратов Е |
11 | 205 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | бюджет | 25 | Қанатбаева А |
12 | 206 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл | каз | бюджет | 25 | Бекмуратова Ә.Б |
13 | 207 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл | каз | бюджет | 24 | Куламанова Ж.Т. |
14 | 227 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл | каз | внебюджет | 25 | Баймуратов Ш |
15 | 223 «Акушерлік іс» 11кл | каз | бюджет | 21 | Есенгулова Б.Н. |
16 | 224 «Акушерлік іс» 11кл | каз | бюджет | 19 | Әмірова Н |
17 | 225 «Фармация» 11кл | каз | бюджет | 24 | Нұржанова Р.Г |
18 | 301 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | бюджет | 20 | Байсов Ғ.Т |
19 | 302 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | бюджет | 20 | Асылханова А |
20 | 325 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | внебюджет | 26 | Усенова Г.Р. |
21 | 326 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | внебюджет | 26 | Жаңаберген Д.Ө |
22 | 327«Лечебное дело»(ф) 9кл | рус | внебюджет | 23 | Таймагамбетова А |
23 | 305 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл | каз | бюджет | 18 | Бекниязова Г.Ж |
24 | 306 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл | каз | бюджет | 18 | Акбаева Г.А |
25 | 323 «Фармация» 11кл | каз | бюджет | 24 | Қалдыбаева Н.К. |
26 | 332 «Акушерлік іс» кл | каз | внебюджет | 19 | Балтабаева Ж.Ә |
27 | 401 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | бюджет | 25 | Тобажанова Р.Р. |
28 | 402 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | рус | бюджет | 12 | Исмагулова С.С |
29 | 417 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | внебюджет | 25 | Аманкулова А.А. |
30 | 418 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | каз | внебюджет | 24 | Мырзагулова А |
31 | 428 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл | рус | внебюджет | 13 | Исмагулова С.С |
09120100 «Емдеу ісі» бөлімі оқу үдерісінің кестесі
Курс | Семестр | Оқу апталары | Аралық аттестация | Өндірістік тәжірибе | Демалыс |
1курс 9 кл
| 1 семестр | 20 апта 02.09-17.01. | — | — | 2 апта 20.01-31.01 |
2 семестр | 20 апта 03.02-27.06 | — | — | 2 апта 30.06-31.08 | |
1курс 11 кл
| 1 семестр | 18,5 апта 02.09-08.01. | 1,5 апта 09.01-17.01 | — | 2 апта 20.01-31.01 |
2 семестр | 14 апта 03.02-16.05 | 2 апта 16.06-27.06 | 4 апта 19.05-13.06 | 2 апта 30.06-31.08 | |
2курс 9 кл | 3 семестр | 18,5 апта 02.09-08.01. | 1 апта 09.01-17.01- | — | 2 апта 20.01-31.01 |
4 семестр | 14 апта 03.02-16.05 | 2 апта 16.06-27.06 | 4 апта 19.05-13.06 | 2 апта 30.06-31.08 | |
2курс 11 кл | 3 семестр | 14 апта 02.09-06.12. | 2 апта 06.01-17.01 | 4 апта 09.12-03.01 | 2 апта 20.01-31.01 |
4 семестр | 14 апта 03.02-16.05 | 2 апта 16.06-27.06 | 4 апта 19.05-13.06 | 2 апта 30.06-31.08 | |
3курс 9 кл | 5 семестр | 14 апта 02.09-06.12. | 2 апта 06.01-17.01 | 4 апта 09.12-03.01 | 2 апта 20.01-31.01 |
6 семестр | 14 апта 03.02-16.05 | 2 апта 16.06-27.06 | 4 апта 19.05-13.06 | 9 апта 30.06-31.08 | |
3курс 11 кл | 5 семестр | 15 апта 02.09-17.12. | 0,5 апта 18.12-20.12 | 4 апта 23.12-17.01 | 2 апта 20.01-31.01 |
6 семестр | 8 апта 03.02-04.04 | 2 апта 16.06-27.06 | 10 апта 07.04-13.06 | — | |
4курс 9 кл | 7 семестр | 15,5 апта 02.09-17.12. | 0,5 апта 18.12-20.12 | 4 апта 23.12-17.01 | 2 апта 20.01-31.01 |
8 семестр | 8 апта 03.02-04.04 | 2 апта 16.06-27.06 | 10 апта 07.04-13.06 | — |
09130200 «Акушерлік іс» бөлімі оқу үдерісінің кестесі
Курс | Семестр | Оқу апталары | Аралық аттестация | Өндірістік тәжірибе | Демалыс |
1курс 11кл | 1 семестр | 18,5 апта 02.09-08.01. | 1,5 апта 09.01-17.01 | — | 2 апта 20.01-31.01 |
2 семестр | 14 апта 03.02-16.05 | 2 апта 16.06-27.06 | 4 апта 19.05-13.06 | 2 апта 30.06-31.08 | |
2курс 11кл | 3 семестр | 14 апта 02.09-06.12. | 2 апта 06.01-17.01 | 4 апта 09.12-03.01 | 2 апта 20.01-31.01 |
4 семестр | 14 апта 03.02-16.05 | 2 апта 16.06-27.06 | 4 апта 19.05-13.06 | 2 апта 30.06-31.08 | |
3курс 11кл | 5 семестр | 15,5 апта 02.09-17.12. | 1 апта 18.12-20.12 | 4 апта 23.12-17.11 | 2 апта 20.01-31.01 |
6 семестр | 8 апта 03.02-04.04 | 2 апта 16.06-27.06 | 10 апта 07.04-13.06 |
— |
09160100 «Фармация» бөлімі оқу үдерісінің кестесі
Курс | Семестр | Оқу апталары | Аралық аттестация | Өндірістік тәжірибе | Демалыс |
1курс 11кл | 1 семестр | 18 апта 02.09-03.01. | 2 апта 06.01-17.01 | — | 2 апта 20.01-31.01 |
2 семестр | 16 апта 03.02-30.05 | 2 апта 16.06-27.06 | 2 апта 02.06-13.06 | 2 апта 30.06-31.08 | |
2курс 11кл | 3 семестр | 16 апта 02.09-20.12 | — | 4 апта 23.12-17.01 | 2 апта 20.01-31.01 |
4 семестр | 14 апта 03.02-16.05 | 2 апта 16.06-27.06 | 4 апта 19.05-13.06 | 2 апта 30.06-31.08 | |
3курс 11кл | 5 семестр | 13,5 апта 02.09-04.12. | 1 апта 05.12-13.12 | 5 апта 16.12-17.01 | 2 апта 20.01-31.01 |
6 семестр | 8 апта 03.02-04.04 | 2 апта 16.06-27.06 | 10 апта 07.04-13.06 | — |
№ |
Топтар |
Оқыту тілі |
Бюджет внебюджет |
Студент саны |
Топ жетекшісі |
1 |
101 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Бюджет |
25 |
Муслимқызы Г. |
2 |
102 «Емдеу ісі» (ф) |
Рус |
Бюджет |
10 |
Исмагулова С.С |
3 |
128 «Емдеу ісі» (ф) |
Рус |
Внебюджет |
15 |
Исмагулова С.С |
4 |
117 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Внебюджет |
25 |
Аманкулова А.А. |
5 |
118 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Внебюджет |
25 |
Туленова А |
6 |
121 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Внебюджет |
24 |
Нсанов Б.Р. |
7 |
122 «Акушерлік іс» (ак) |
Каз |
Внебюджет |
25 |
Каналина Б.М. |
8 |
201 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Бюджет |
25 |
Аймагамбетова А.К |
9 |
203 «Емдеу ісі» (ак) |
Каз |
Бюджет |
24 |
Қобланова А |
10 |
215 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Внебюджет |
24 |
Изжанова А |
11 |
216 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Внебюджет |
25 |
Динашова Ж.Б |
12 |
217 «Лечебное дело» (ф) |
Рус |
Внебюджет |
23 |
Таймагамбетова А. |
13 |
218 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Внебюджет |
27 |
Әмірова Н |
14 |
301 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Бюджет |
25 |
Қанатбаева А |
15 |
302 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Бюджет |
25 |
Абдирашова Ж.С |
16 |
303 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Бюджет |
24 |
Бекниязова Г.Ж |
17 |
304 «Емдеу ісі» (ак) |
Каз |
Бюджет |
24 |
Зайлагиева Н.А |
18 |
317 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Внебюджет |
26 |
Мысаева Г.Ж |
19 |
318 «Емдеу ісі» (ф) |
Каз |
Внебюджет |
22 |
Аязхан Ұ |
20 |
319 «Емдеу ісі» (ак) |
Каз |
Внебюджет |
23 |
Акбаева Г.А. |