12 сәуір күні колледжде дәстүрлі түрде өтіп келе жатырған жобасы аясында «Білімді ұрпақ-ел ертеңі» тақырыбында, «Жалпы білім беретін» ЦӘК оқытушылары мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Химиялық пәндер» кафедрасының аға оқытушыларымен бірлесіп ұйымдастырылған облыстық конференция өтті. Аталған шараға ЖОО студенттері мен колледж білім алушылары және түлектер қатысты. Қоғамның белсенді, саналы, қабілетті, құзыретті мамандарын даярлаулауда жоғары және орта білім беретін оқу орындарының беретін үлесі жөнінде тарих ғылымдары докторы, доцент Уталиев С.А. баяндама оқыды. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, химия пәні оқытушысы Исмагулова С.С. колледж тарихы мен жетістіктерін баяндады.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетітің «Химиялық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ж.М. Абилова қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – жастардың қолында екендігін жеткізе отырып, жастарды ғылыми ізденуге шақырды. Гір спортынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР чемпионы біздің түлегіміз Балтабаев Айтқали жетістіктерімен бөлісіп, жастарды салауатты өмір салтына шақырды. ЖОО студенттері мен колледж білім алушылары тақырыпқа сай пікір алмасты.

