ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж кітапханасының ұйымдастыруымен, «Топтар арасындағы үздік оқырман» конкурсы өтті. Шараның басты мақсаты: студенттерді кітап оқуға ынталандыру, дүниетанымын кеңейтіп, кітаптан алған білімдерін, өмірде, еңбекте де, оқуда пайдалануға баулу.
Конкурс екі тілде өтіп, мағыналы да қызықты болды, сайысқа қатысқан студенттер өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.
Конкурс нәтижесінде:
1 орын «Ең үздік оқырман» атағын — «Емдеу ісі» 217 тобының студенті Айтқалиева Айнара,
2 орын «Білімді оқырман» атағын — «Емдеу ісі» 101 тобының студенті Айбекова Тоғжан.
3 орын «Талантты оқырман» атағын — «Ортопедиялық стоматология» 133 тобының студенті Амандықов Ильяс жеңіп алды. Басқа қатысушылар өз деңгейлерінде номинациялармен марапатталды. Шараға белсене қатысқан білім алушыларға алар асуларыңыз көп болсын демекпіз!

