Фармацевтика құзіреттілігі бойынша «Worldskills» чемпионаты өтті.
2020 жылдың 3 — наурызында фармацевтика құзіреттілігі бойынша колледжішілік «Worldskills»ІІ чемпионаты өтті. Чемпионат қатысушылары шеберлік дағдыларын 3 аймақта сынады. Қатысушылар шынайылыққа максималды жақын тапсырмаларды шеше отырып, кәсіби дайындық деңгейі мен қызмет көрсету саспасының деңгейін жоғары дәрежеде көресете білді. Чемпионат сарапшылары Елубаева Д.М. ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық инспекторат бөлімінің жетекшісі, Романенко Ж.Б. СГУ ЦМК КЧС МВД РК провизор, Нуржигитова Г.Т. ТОО «Аманат» директор. Чемпионат нәтижесі бойынша бас жүлдені «Фармация » бөлімінің студенті Түзелова Нұрсұлу иеленсе, бірінші орынды Хасенова Аида, екінші орынды Қорғанбаева Миллени иеленді. Үшінші орынды Жанабергенова Арайлым мен Кулбаева Ұлдана бөлісті. Жеңімпаздар сәуір айында өтетін өңірлік чемпионатқа жолдама алды. Бүгінгі өткен «Worldskills»чемпионаты шеберлік дағылардың, кәсіптік білімнің дамуына тура әсер еткені сөзсіз.




