«Бала тәрбиесі - баршамыздың ісіміз»

Мейірімділікті анадан,
Әдептілікті данадан үйрен.
Құлжабай би Бекқұлыұлы.

         Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінде 18 мамыр 2018 жылы, сағат 15.00 «Бала тәрбиесі — баршамыздың ісіміз» тақырыбында ата -аналар жиналысы өтті. Жиналысты ашып берген Ақтөбе медициналық колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Мұсақызы:

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Ақтөбе облысының білім басқарманың басшысы Л.А.Уразбаеваның ұйымдастыруымен 21.04.2018 жылы өткен облыстық ата-аналар жиналысының хаттамасымен таныстырды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Соған байланысты колледж бойынша ата-аналар жиналысы барлық топтарда өткізіліп халық назарына жеткізілгенін баяндады. Бүгін жалпы колледж бойынша тұжырымдама жасау үшін жиналып отырмыз деді. Колледжде өткізілген шараларға қысқаша тоқталып өтті. Әкелер беделін арттыру мақсатында әкелер кеңесін құруды ұсынды. Келесі сөз алған колледж ата-аналар комитетінің төрағасы Нұрлан Ізденұлы облыстық ата-аналар жиналысына қатысқанын, сондағы көтерілген мәселелер жөнінде баяндап берді.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Ақтөбе медициналық колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Мұсақызының бастамасымен колледж бойынша ата-аналарға, студенттерге қажетті шаралардың барлығы жоспар бойынша уақытында өткенін атап өтті. Бұл жөнінде колледжде ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналар назарына жеткізіліп тұрылды деді. Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру. Ұлттық код мақаласына тоқталып өтті.
Жиналысқа қатысқандар: Құқық бұзушылықтың алдын алу  шаралары, өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу, қамқоршылық кеңесінің жұмысы, студенттер арасында спорттық жарыстар, үйірмелер, клубтар жұмысы туралы, атқарылға шаралар жөнінде колледж сайттарында, әлеуметтік желілерде ақпараттар үзбей берілетіні жөнінде, ақпараттық, кеңес беру, психологиялық, заңды көмек алу, студент құқығын қорғау мақсатында  колледж сенім телефоны тәулік бойына жұмыс жасауда және әкелер кеңесін құру туралы мәселелер көтеріліп, талқыланды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой