Колледждің ата-аналар комитетінің жиналысы

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

2017 жылғы 9 қараша күні сағат 16.00-де Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінің ата-аналар комитетінің төрағасы Нұрлан Ізденұлы  ұйымдастыруымен колледждің ата-аналар комитетінің жиналысы өткізілді.Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Мұсақызы, ата-аналар комитетінің мүшелері Гүлнәр Серікқызы, Жаңагүл Естайқызы, Зарина Аязбайқызы, Ғалия Төлебайқызы және колледж психологі Мөлдір Бисенғалиқызы    қатысты.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Жиналысқа дейін Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы колледж музейімен таныстырылды.Колледждің ата-аналар комитетінің жиналысының барысында келесі мәселелер қаралды: ата-аналар комитетінің жылдық жоспарымен таныстыру, колледжде өтетін шараларға ат салысу, колледждің ішкі тәртібін нақтылау, тәртіп сақтау, келісім шарттарға мән беру, Жарғы, заң аясында жасау қажет құжаттар жөнінде білу, студенттерді бірігіп тәрбиелеу, жақсы маман болып шығуына жол сілтеу, колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене ат салысуына жағдай жасау, студенттік кеңестің міндеттерін түсіндіру, қауіпсіз студенттік шақ орнатуға белсене араласу, студенттерге қажет емес ақпараттан қалай қорғаймыз мәселесін шешу, студенттерді жол қауіпсіздігімен қалай қамтамасыз етеміз, біздің студенттерді дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай қорғауға болады деген сұрақтарға жауап беру, болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасына байланысты не жұмыстар жасау қажет екенін нақтылау төңірігінде пікір алмастық.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Отбасы және колледж — ол да бір шағын мемлекет дейміз. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндеттері, қызметтер бөлінісі, кіріс — шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын ұлттық коды, яғни ұлттық құндылықтары т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы мен колледж құрамындағы адамдарға байланысты. Сондықтан отбасы мен колледж құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының және колледждің ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген дұрыс деп шештік.
Бала, болашақ студент тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана, сосын барып колледж ұстаздары. Жанұяда және колледжде жақсы қасиеттер студентке сөзбен, ата-ана мен ұстаздардың үлгісімен сіңеді, дамиды!
Ол қасиеттер:
Адамгершілік,
Бауырмалдық,
Татулық,
Қайырымдылық,
Әдептілік,
Инабаттылық,
Өзің жұмыс істеп жүргенде студенттің қолынан келетін ісіне жағдай туғызу
оның үйренуіне көмектесу,
Берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау, істеген ісін ұқыпты, тындырымды орындауына бағыт беру,
Жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру.
Ата-аналар мен ұстаздар және мейірімді адамдар қайырымды болса, қайырымдылық жасап өздері үлгі көрсетсе нұр үстіне нұр болады!
Жиналыстың басында және соңында колледж психологі психологиялық тренинг өткізді.
Жиналыстың ортасында кофе-брейк ұйымдастырылды.