«Жасөспірім және қылмыс»

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Колледждің «Мейіргер іс»і бөлімі мен Құқық бұзушылықтың алдын-алу Кеңесінің ұйымдастыруымен «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында ІІБ Илек полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Сергалиев Алибектің қатысуымен колледждің мәжіліс залында 2018 жылдың 15 қараша күні кездесу өтті. Кездесуге колледж студенттері, ата-аналар және оқытушылар қатысты. Кездесудің мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен,

түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары С.М.Тәжібаева қаламызда орын алып отырған құқықбұзушылықтарды мысалға ала отырып, студенттерді тәртіп бұзбауға шақырды және ата-аналар балаларға көп көңіл бөлу керектігін айтты.   Учаскелік полиция инспекторы әрбір қылмыстық жауапкершілікке тоқтала отырып, «Құқықбұзушылық» тақырыбында дәріс оқыды, сұрақтарға жауап берді.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой