Медициналық мекемелердің қызметкерлері арасында массажисттердің облыстық байқауы
Денсаулық мемлекеттік бағдарламасын және «Дені сау дәрігер – дені сау пациент» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру барысында медициналық мекемелердің қызметкерлері арасында массажисттердің облыстық байқауы өткізілді.
Мақсаты: Массажисттер мен жаңадан қызметін бастаған массажисттердің теориялық және тәжірибелік деңгейін кәсіби түрде анықтау және көтеру. Массаждағы емдік және сауықтыру әдістерін замануи түрде дамыту.
Байқауға қалалық және аудандық медициналық мекемелерден, фитнес және массаж орталықтарынан массажист мамандары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Ақтөбе медициналық колледжі массаж орталығының массажисті Чавдарь Дмитрий, ІІ орынды Ақтөбе медицина орталығының массажисті Бугенбаев Дулат, ІІІ орынды «Көктас» фитнес орталығының массажисті Кабанов Владимир иеленді.




