Әлеуметтік педагог
Мауениязова Динара Бердимуратовна
Еңбек өтілімі: 13 жыл
Әлеуметтік педагог: 1 жыл
Білімі: Жоғары, Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік университеті
Құрметті студенттер!
Әлеуметтік педагогтың мақсаты – адамның жеке дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау (физикалық, әлеуметтік, рухани, моральдық, интеллектуалды),
социализация үрдісінде өзін-өзі дамыту және өзін-өзі дамытуда жан-жақты әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық көмекпен қамтамасыз ету).
Колледждің әлеуметтік қызметі
— білім алушының тәрбиесіне отбасына әлеуметтік көмек көрсету;
— мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды анықтап дер кезінде жұмыстар жүргізу;
— түрлі әлеуметтік топтарда сенімді қарым-қатынасқа түсе алуына көмек көрсету;
Әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау барысында төмендегідей көмек түрлерін ала аласыз:
— білім алушылармен, ата-аналарымен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу;
-әлеуметтік топтағы студенттерге әлеуметтік көмек көрсету; — әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру;
— отбасы мен бала арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру;
— білім алушы әлеуметтік осал топтағы студенттерді әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, колледждің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру.
Әлеуметтік педагогтың жұмыс бағыттары:
-қажетті құжаттармен жұмыс (жылдық жоспар, әртүрлі катигориядағы студенттер мен отбасы туралы мәліметтер жинау, үйіне бару актісін тіркеу)
-колледжінің әлеуметтік паспортын жасау
-әлеуметтік қорғалмаған оқушылар катигориясын анықтау (қамқорлықтағы балалар, жетім балалар, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары , девианттық мінез-құлықты оқушылар)