Психологиялық қызмет

Рахимова Кызгалдак Аскаркызы 

Еңбек өтілімі: 3 жыл

Білімі: Жоғары, Қ.Жұбанов атындағы

Ақтөбе  Өңірлік Мемлекеттік университеті

 

Сейіт Шәрбану Нұрханқызы 

 Еңбек өтілімі: 5 жыл

Білімі: Жоғары, Қазақ-Орыс

Халықаралық Университеті 

Құрметті студенттер!


Кейде кез-келген адам оны тыңдап, түсінгенін, кеңестер бергенін, оның ойларына, сезімдеріне ерік беріп, өздеріне үлкен қолдау мен кеңесті қажет еткенін қалайды.. Бойымыздағы сан түрлі эмоцияларымызды сыртқа шығарып,ойымызды тазартқымыз келеді.

Сондықтан ата-ана,оқытушы, дос-жақындарыңмен сырласып, ол сәттеде сені ешкім түсінбейтін кездер болса қадірлі жас студенттер, достар әрдайым біз сіздер үшін қолдау көмек беріп қашанда жандарыңыздан табыла білеміз! Өмір сен үшін-қайталанбас уақыт! Жалынды жастық шақты бағалай, алтын бағалы уақытты қадірлей білейік студенттер!!!

Колледждің психологиялық қызметі

Бұл қолайлы  психологиялық климат  жасауға және студенттерге психологиялық  көмек көрсетуге бағытталған жүйе.

Психологпен жұмыс жасау барысында төмендегідей көмек түрлерін ала аласыз:

1.       Психологпен әңгімелесіп, жеке кеңес алу

2.       Психологиялық диагностика әдістері арқылы өзінің ішкі әлемін тану

3.       Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша тренингтерге жазылу

4.       Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша пайдалы психологиялық ақпарат алу 

Біздің жұмысымыздың принциптері:

Бұл құпиялылық пен еріктілік.

ЖМК-да білім беру үрдісінің қатысушыларына барлық психологиялық көмек тегін көрсетіледі.

Жұмыстың негізгі түрлері:

— Консультациялық бағыт;

— Диагностикалық бағыт.;

— Түзету және дамыту бағыты;

— Ағарту бағыты.

Психологқа қай мәселе бойынша жиі жүгінеді?

1.       Егер сіз өз өміріңіздің сапасын жақсартып, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатқыңыз келсе;

2.       Егер сіз қиын өмірлік жағдайға тап болсаңыз және оның шығу жолын табу қиындық тудырса;

3.       Егер сіз студенттік өмірге бейімделуде қиындықтарға тап болсаңыз;

4.       Егер сіз өзіңізді бағалауды арттырып, өзіңізге сенімді болғыңыз келсе;

5.       Егер сіз өз денсаулығыңызды жақсартып, психологиялық жағдайыңызды үйлестіргіңіз келсе