Студенттік Кеңес
Студенттік Кеңес
Студенттік Кеңес—Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова атындағы «Ақтөбе медициналық колледжінің» Студенттік Кеңесі бірлігі жарасқан ұжымды қалыптастыруда студенттерді тәрбиелеудің тиімді құралы ретінде белсенді ықпал ететін,олардың әрқайсысының жеке құқықтары мен міндеттеріне саналы түрде қарауды және жауапкершілікті қалыптастыратын студенттердің өзін-өзі басқаруының атқарушы органы болып табылады.
Мақсаты: Жеке тұлғаны толық іске асыру үшін жан-жақты және қызықты студенттік өмірді дамыту.Студенттік топтың, курстың, колледждің деңгейінде студенттік басқару механизмдерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
Міндеттері:Студенттік кеңестің негізгі міндеттері колледж басшылығына және педагогикалық ұжымға әр студенттің мамандығы бойынша оқу жоспарын терең ұғынып орта буын маман атануға жан-жақты ықпал ету болып табылады.
Студенттік Кеңес жеті бағыт бойынша өз қызметін жүзеге асырады:
1.Жастарды әлеуметтік-саяси қолдау- Қоғамдық жастар ұйымымен сыртқы байланыста болу.
2. Ғылыми-білімдік қызмет- Студенттер арасында ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
3.Ақпараттық-хабарлама-Колледжде өткізілетін барлық бағдарламаларды және сайт жүктемелері жариялау.
4. Мәдени-көпшілік- Колледжде мерекелік шараларды өткізу.
5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру-Салауатты өмір салтын насихаттайтын акциялар.
6. Кәсіби бағдар беру-қайырымдылық- Қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.
7. Тәртіптік – студенттердің оқу тәртібі- Колледж ішіндегі тәртіпті қадағалау.
