2025 жылдың 17-қазан күні жоспар бойынша Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің,Біліктілікті жетілдіру бөлімінің ұйымдастыруымен колледж базасында Облыс, Қала емдеу мекемелерінің акушер және мейірбикелерге арналған Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Орта буын медицина қызметкерлерінің Ақтөбе облыстық ассоциациясы, «Акушерлік қан кету. Эклампсия кезінде көмек көрсету» тақырыбында мастер-класс өткізді Ао МІДО Біліктілікті жетілдіру бөлім меңгерушісі С.Б Кенжебаева кіріспе сөз сөйлеп,шебер-класстың мақсаты мен міндетін түсіндірді. Ақтөбе облысты бойынша бас штаттан тыс мейірбике ісі жөніндегі маманы Б.Ә Ділманова шебер-класс қатысушыларына «Мейіргер қызметінің қазіргі жетілдіру және негізгі кәсіпті даму құзыреттері» жайында мәліметтер берді. М.Оспанов атындағы БҚМУ жедел медициналық жәрдем кафедрасының жетекшісі PhD докторы, доцент, акушер-гинеколог, репродуктивті медицина қауымдастығының мүшесі — Донаева Айнұр Ергалиевна «Акушерлік қан кету.Эклампсия кезінде көмек көрсету» тақырыбында докладын оқып,қатысушылармен пікірталас өткізді. Арнайы пән оқытушылары Б.А Абдулла, Ғ.Ж Таңат шебер-классты жүргізіп,муляж және бейнероликтер арқылы түсіндіріп, қан кету түрлерін анықтай отырып, жедел көмек көрсету тактикасын ролдік ойын арқылы жеткізді. Акушерлер мен мейірбикелер өз тәжірибелерімен алмасты. «Акушерлік қан кету. Эклампсия кезінде көмек көрсету» тақырыбындағы шебер-класс жоғары деңгейде өткізіліп, сертификаттар берілді.