ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі» МКҚ директоры

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Капанов Сакен Тажигереевич

Капанов Сакен Тажигереевич — Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген. 1981 жылы орта мектепті үздік бітіріп, 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті, әскери аға лейтенант атағы бар.

1984-1985 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының дайындық бөлімінде оқып, бітіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының 1 курсына қабылданды. 1991 жылы «Емдеу ісі» факультетін бітірді, 1991-1992 жылдары хирургия бойынша интернатурадан өтті, бітіргеннен кейін дәрігер-хирург мамандығын алды.

1992-1995 жылдары Ақтөбе аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігері болып жұмыс атқарды.

1996-1998 жылдары госпитальдық хирургия кафедрасының клиникалық резидентурасын бітірді. 1998-2001жж. госпитальдық хирургия кафедрасының аспирантурасына қабылданып, бітіргеннен кейін медицина ғылымдары бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2001-2005 жылдары хирургия кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді.

2005-2016 жылдар аралығында Қарғалы қалалық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 

2016-2018 жылдары психоневрологиялық диспансердің бас дәрігері болып жұмыс істеді.

2018 жылдың мамыр айынан бастап ШЖҚ «Көпсалалы облыстық аурухана» МКК бас дәрігері болып жұмыс атқарды.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің директоры.

Сакен Тажигереевич практикалық медицинада жоспарлы және шұғыл хирургияны жетік меңгерген білікті маман және басшы, білім беру және емдеу қызметін біріктіретін жоғары санатты хирург-дәрігер, Денсаулық сақтау саласында мол тәжірибесі бар медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері.