2022 жылдың 18-қазан күні Ао Мейірбике ісін дамыту орталығымен бірлесе Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек стация базасында аудандық және қалалық орта буын қызметкерлеріне арналған кезекті семинар-тренингті өткізілді.Жедел және шұғыл медициналық көмек бекетінің бас фельдшері Сарина Б.Б және тәжірибелі фельдшерлер Жумабаев М., Жасұлан А «Жүрек өкпе реанимациясы (BLS.ACLS.PALS)»тақырыбында семинар-тренингті жүргізіп, муляждармен манекендер және бейнероликтер арқылы түсіндіре отырып, жүрек өкпе реанимациясы кезіндегі әдістермен жаңа медициналық жабдықтармен таныстырды. Семинар-тренингте қатысушыларға балалармен үлкен жастағы науқастарға жедел түрде сырқатын анықтай отырып, дәрігерге дейінгі емхана және стационарлық деңгейде көмек көрсетумен дефибриллятор құрылғысы арқылы жаңа тактикаларды қолдана отырып дағдыландырды.Семинар-тренингке қатысушы-ларға орталықтың жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті базасының жұмыстарымен таныстырып тәжірибелерін алмастырды. «Жүрек өкпе реанимациясы (BLS.ACLS.PALS)»тақырыбындағы семинар-тренинг өз мақсатына жетті , соңында орта буын қызметкерлеріне сертификаттар берілді.


