«Кешегі түлек – бүгінгі серіктес»

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

     2018 жылдың 3 сәуір күні «Кеңес  Одағының  Батыры  Мәншүк  Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК  түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қызметі  арқылы   түлектердің  еңбек саласындағы тәжірибесімен бөлісу, студенттерді кәсіби бағытта тәрбиелеу мақсатында  колледждің бітіруші студенттеріне арналған «Кешегі  түлек – бүгінгі  серіктес» атты  түлектермен  кездесу  кеші  өтті.
 Директордың оқу өндірістік жұмысы  жөніндегі  орынбасары  Алипова Замзия Сайлауовна  Ақтөбе  қаласымен  аудан орталықтарынан келген  түлектерге  сәттілік тілей отырып кешті ашып берді.

Іс-шара барысында «Ақ-Дент» стоматологиялық кабинетінің меңгерушісі Касимов Ардаби Сагинтакович «Стоматология» бөлімінің студенттерін колледжді аяқтаған соң  өз мекемесінде жұмыс жасауға ұсынысын білдірді.
 «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі», «Лаборатриялық  диагностика», «Фармация»,  «Стоматолгия» бөлімдерінің   бітіруші   топтары ашық  микрафон аясында  студенттер  тарапынан  келген  қонақтарға  өз  сұрақтарын  қою барысында, ұтымды  жауаптар  алып, ыстық лебіздерін білдірді.

 

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой