Емдеу ісі

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Тукешова Гулмира Сергазиевна – бөлім меңгерушісі, бірінші санатты арнайы пәндер оқытушысы

Білім беру бағдарламысының құрылымы:

Мамандық – 09120100 «Емдеу ісі», біліктілігі -4S09120101 «Фельдшер»;

Мамандық – 09130200 «Акушерлік іс», біліктілігі -4S09130201 «Акушер»;

Мамандық – 09160100 «Фармация», біліктілігі- 4S09160101 «Фармацевт» ;

Мамандық – 09140100  «Лабораториялық диагностика», біліктілігі-  4S09140101 «Медицинский лаборант». 

09120100 «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі 4S09120101 «Фельдшер» бойынша, 09130200 «Акушерлік іс» мамандығы, біліктілігі 4S09130201 «Акушер»

Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:
09120100 «Емдеу ісі» және 09130200 «Акушер» біліктілігі бойынша біліктілік деңгейіне сәйкес келетін базалық құзыретке ие болуы тиіс:

– кәсіби іс-әрекетке байланысты шет тіліндегі және қазақ (орыс) тілдеріндегі мәтіндерді сөздікпен аудару және оқуға қажетті лексикалық және грамматикалық минимумдарды меңгеру;
– Қазақстан тарихының тарихи құбылыстарын және үрдістерін оқу барысында шынайы –тарихи жағдайларды талдау іскерліктерін меңгеру;

– денсаулықты шынықтыру, өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету үшін дене шынықтыру –спорттық іс-әрекеттерді қолдана білу;

– әлемнің және аймақтың негізгі тарихи-мәдени орталықтарын, мәдениет түрлерін және этникалық құндылықтары жайлы түсінігі болу;

– қоғамда адамдар арасындағы қатынасты реттеу адамгершілік ережелерін, диалектикалық дамудың негізгі заңдары мен заңдылықтарын білу, тәжірибеде негізгі түсініктерді және заңдарды қолдана білу;

– саяси жүйе және саяси тәртіп, саясатқа деген адамдардың көзқарасы жайлы түсінігі болу;

– экономика негізі жайлы ережені білу, экономика негіздерін меңгеру, елдегі және шетелдегі экономикалық жағдайларды меңгеру;

– қазіргі компьютерлік технологиялар жайлы және де оларды қазіргі медицинада қолдану жайлы түсінігі болу, кәсіби іс-әрекетте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білу;

– рецепт жазу, гректік-латындық терминдердің мағынасын түсіндіру, дәрілік заттардың фармакодинамикасының және фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын білу;
– өмірдің пайда болуы және дамуының жалпы заңдылықтарын, тіндердің жасушаларының қызметін және құрылысын, мүшелер мен жүйелердің қалыпты және патологиялық жағдайларын білу;
– тұқым қуалайтын аурулардың түрлерін және айқындау әдістерін меңгеру және клиникалық пәндерді өту кезінде алған білімдерін қолдана білу;

– аурудың пайда болуында, дамуында, соңында және организмнің жауап қайтару жағдайына әсер ететін себептерді және адам денесіндегі барлық мүшелер мен тіндердің құрылымын және орналасуын, олардың негізгі атқаратын қызметтерін білу және алған білімдерін клиникалық тәжірибеде қолдана білу;

– жас кезеңдері бойынша адам физиологиясын білу және оларды арнайы пәндерде қолдана білу;
– патологиялық реакциялардың сипатын анықтау, микропрепараттар бойынша әртүрлі патологиялық процестерді микроскопиялау және салыстыру тәсілдерін игере білу;

– микробтардың, вирустардың табиғатын, олардың инфекциялық үрдістердің дамуындағы маңызын, инфекциялық бақылау және медициналық мекемелердегі медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін білу.

09120100 «Емдеу ісі» және 09130200 «Акушер» біліктілігі бойынша кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін кәсіптік құзыретке ие болуы тиіс:

– мейірбикелік күтім ұйымдастыру және науқастарды қадағалау, манипуляцияларды және дағдыларды орындау іс-әрекеттерін игеру;

– мүшелер мен жүйелердің қызметінің бұзылуының негізгі симптомдарын және синдромдарын білу;
– науқастарды зертханалық және аспапты тексеру әдістеріне дайындау әдістемелерін игеру;

– ересек және балалы тұрғындар арасында дәрігерге дейінгі және білікті медициналық шұғыл көмек көрсету, медициналық көмек көрсету сапасының халықаралық стандарттар аумағында құзырлы болу;

– санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізе білу;
– науқастармен, науқастың туыстарымен, әлеуметтік қызмет мүшелерімен және қызметтестермен тиімді қарым-қатынас құрастыру және жүргізе білу;

– клиникалық симтомдарды анықтауды, болжама диагноз қоюды, ауру балаларды күтуді жүргізе білу;
– баланың дұрыс физикалық және психикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған алдын-алу шараларының дағдыларын игеру;

– әртүрлі зақымдануларда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін игеру, хирургиялық науқастарды күту әдістерін, өкпелі-жүректік жандандыру әдістерін игеру;

– гинекологиялық бөлімшелерде және босану үйлерінде арнайы манипуляцияларды орындау және күтім дағдыларын игеру;

– зақымданған және жарақаттанудың негізгі симптомдарын, диагностика әдістерін, емдеу және шұғыл жәрдем көрсетуді білу және апат аймақтарында жұқпалы аурулардың пайда болу мүмкіндіктерін ескерту және келеңсіз жағдайларда тұрғындардың денсаулығын сүйемелдеу негіздерін білу;

– барлық жас кезеңдерінде аурулар дамуында және критикалық жағдайларда белсенді терапия және жансақтау әдістемелерін игеру және аурухана жағдайында науқастарды реабилитациялау және қалпына келтіру емін жүргізуді білу;

– конфликттерді шешудің дағдыларын, коммуникативті дағдыларды игеру, алған білімдерін күнделікті өмірде және кәсіптік жұмыста қолдану, науқастармен, олардың туысқандарымен, қызметтестермен сұқбаттасу этико-деонтология негізіндегі дағдыларды игеру.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

09130200 «Акушерлік іс» мамандығы бойынша

09130200 «Акушерлік іс», 4S09130201 «Акушер» біліктілігі бойынша кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін арнайы құзыретке ие болуы тиіс:

– күтім бойынша барлық манипуляцияларды өздігінше орындау, медициналық мекемелерде нормативті және медициналық құжаттарды рәсімдеу;

– ішкі мүшелердің ауруларының симптомдарын анықтауды игеру, манипуляциялар іс-әрекетін игеру;

– медицина қызметкерлерін және науқастарды инфекциялық қауіпсіздігін және инфекциялық бақылау талаптарын орындау;

– дәрігер тағайындаған емдік, диагностикалық, алдын-алу шараларын орындай білу;

– күрделі манипуляцияларды жүргізу кезінде аспаптарды дайындау және дәрігерге көмектесуді игеру;
– физиотерапиялық әдістердің негізгі түрлерін орындау, емдік гимнастика бойынша сабақ жүргізу, массаж әдістерін игеру, психотерапия элементтерін қолдана білу;

– инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды және иммунопрофилактика іс-әрекеттерін игеру;

– кезек күттірмейтін операциялар үшін науқастарды зертханалық, функционалды, аспапты тексеру әдістеріне даярлау іс-әрекеттерін игеру;

– нақты науқастағы дәрілік заттың әсерін бағалау, дәрілермен уланғанда дәрігерге дейінгі көмек көрсете білу;

– контрацепция әдісімен жанұя құруды жоспарлау бойынша кеңес жүргізе білу;

– жандандыру, жан сақтау, емдеу-сауықтыру, санитарлық-гигиеналық, санитарлық-ағарту шараларын кәсіптік құзырлығымен орындай білу;

– ауыр және терминальды жағдайдағы науқастардағы негізгі симптомдар мен синдромдарды айқындау және жағдайын бағалау, кезек күттірмейтін жағдайларда дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету;
– өмірге қауіп төндіретін және шұғыл жағдайларда медициналық көрсете білу;

– салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың алдын алу шараларын жүргізу;

– емдеу-қорғау, санитарлық-гигиеналық, санитарлық-эпидемиологиялық тізімдерінің талаптарын орындай білу;

– зертханалық тексерулерге материал жинауды жүзеге асыра білу;

– дәрігерге дейінгі арнайыланған медициналық көмек көрстеу;

– гинекологиялық аурулардың емін және клиникалық симптоматикасын және гинекологиялық шұғыл жағдайларда және олардың алдын алуды білу;

– әйел жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерлі емес ісіктерінің клиникалық белгілерін, олардың диагностикасын, емдеу принциптерін және алдын алу шараларын білу;

– әйелдерді диспансерлеуді ұйымдастыру және жүргізу, оның тиімділігін және гинекологиялық науқастарды ауруханаға жатқызу көрсеткіштерін білу;

– жанұяны жоспарлаудың, гинекологиядағы емнің және алдын-алудың заманауи әдістерін білу.

09120100 «Емдеу ісі» және 09130200 «Акушер» біліктілігі бойынша бітірушінің кәсіптік қызметінің объектілері әр түрлі жас аралықтарындағы үлкен адамдар және балалар болып табылады.

«Фельдшер» біліктілігіне арналған оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:

– ауруханаларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда (ДА), фельдшерлік-акушериялық пункттерде (ФАП), медициналық-санитариялық алғашқы жәрдем (МСАЖ) орталықтарында емдік-диагностикалық шараларға, әртүрлі жас аралықтарында науқастарға алғашқы медициналық және санитариялық көмек көрсетуге қатысу;

– жіті ауруларда және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету және науқастың жағдайын бағалау;

– медициналық мекемелерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтау;

– эпидемияның шұғыл жағдайында жаппай зақымдану ошағындағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету;

– жаңа ақпараттық технологияларды, әдістемелерді, тәсілдерді, ақпараттарды беру және сақтауды қолдану;
– науқасты реабилитациялауға және әлеуметтік қорғаныс органдарының, қайырымдылық қызметтерімен бірлесіп интернат үйлеріне, жалғызбастылар хоспистеріне, қарттарға, мүгедектерге және созылмалы ауруы бар науқастарға көмек көрсету және орналастыруды ұйымдастыруға қатысу;
– науқастармен және олардың жанұяларымен бірігіп жұмыс жасау, науқастың құқығын сақтау және әртүрлі жас топтарындағы тұрғындардың денсаулығын демеу және нығайту жөнінде шаралар жүргізу;

– науқастардың денсаулығы үшін қатерлі ықпалдар (физикалық, психикалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) жөніндегі және осы ықпалдарының денсаулыққа әсері жөніндегі сұрақтар бойынша тұрғындарға кеңес беру;

– әр жас кезеңіндегі науқасты және оның жанұясын денсаулық сақтау мәселелері бойынша оқыту, күтім көрсету;

– әр жас кезеңіндегі балалардың нервтік-психикалық дамуы, имуннопрофилактика, диспансерлік бақылау жөніндегі сұрақтар бойынша кеңес беру;

– зерттеудің қазіргі тәсілдерін қолдана отырып, диагностикалау және салыстырмалы диагностика жүргізу, сондай-ақ балаларда жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын-алуды жүзеге асыру;- алғашқы медициналық-санитариялық ұйымдарда нормативтік құжаттарды рәсімдеу;

– қызметтестермен бірігу және бірлесе жұмыс істеу;

– аурулардың алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

09130200 «Акушер» біліктілігіне арналған оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:
– әртүрлі саладағы акушерлік және гинекологиялық бөлімшелерде, перинатальды орталықтарда және анамен баланың денсаулығын сақтау орталығында, әйелдер кеңесінде, стационарлық және емханалық типтегі медициналық ұжымдардың бөлімдерінде және диагностикалық-көмек көрсету қызметтерінде жүкті, босанатын, босанған, гинекологиялық науқастарға емдік-диагностикалық көмек көрсету;

– асқынбаған босануда өздігінше, ал патологиялық босану кезінде және босанудан кейінгі кезеңде дәрігер акушер-гинекологпен бірігіп медициналық көмек көрсету;

– мамандықтың саласы бойынша жіті аурулар және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсету;

– бөлімшелерде (әйелдер кеңесінде, бөлмеде) санитарлық-гигиеналық және санитарлық –эпидемиологиялық түзімдерді сақтау;

– нормативті медициналық іс-құжаттарды алғашқы медико-санитарлық ұжымдарда ұйымдастыру;

– эпидемия жағдайында, көлемді зақымдану ошақтарында келеңсіз жағдайларда тұрғындарға медициналық көмек көрсету;

– гинекологиялық ауруларды айқындау мақсатында әйелдерді алдын-ала қарау (дәрігермен бірге немесе өз бетінше);

– пациенттің әлеуметтік тұрмыстық жағдайын, жанұя жағдайын ескере отырып, денсаулығына ықпал ететін физикалық, психикалық, әлеуметтік және мәдени қауіп-қатер ықпалдарын анықтау;

– тұрғындар арасында, сондай-ақ жасөспірімдер арасында жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін контрацепцияның заманауи әдістерін және жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың алдын алу үшін қажетті әдістерді енгізу шараларын жүргізу;

– акушерия-гинекология саласындағы медициналық ұжымдардың құрылымдық бөлімдеріндегі пациенттердің және медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін және инфекциялық бақылау жүйесін жүзеге асыру.

09120100 «Емдеу ісі» білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ТжКБ ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережесіне сәйкес біліктілігі -4S09120101 «Фельдшер» біліктілігіне негізгі орта, жалпы орта білімі бар, ал 09130200 «Акушерлік іс», 4S09130201 «Акушер» біліктілігіне жалпы орта білімі бар қабылдау емтихандарын табысты тапсырған тұлғалар оқуға түседі. Оқу күндізгі оқыту түрінде жалпы орта білім беру базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Оқу мерзімі:

Негізгі орта білім беру базасында – 3 жыл 10 ай.

Жалпы орта білім беру базасында – 2 жыл10 ай.

09140100  «Лабораториялық диагностика» мамандығы, 4S09140101 «Медицинский лаборант» біліктілігі бойынша білім беру бағдарламысының құрылымы

Білім алушы белгіленген біліктілік деңгейінің білім беретін оқу бағдарламасын игеру нәтижесінде тұтас оқу-тәрбиелік үрдісінің барысында қалыптасқан базалық құзіреттіліктерге ие болуы тиіс:

Базалық құзыреттілік, біртұтас білім беру процесінің барысында түзілетін тиісті кәсіптік біліктілік деңгейі:
– игеруі тиіс: мәтіндерді аудару үшін лексикалық, грамматикалық минимумдарды, баяндама құрастыруды, кеңес беруді, кәсіптік тақырыптарға арналған талқылауларға қатысуды;

білуі тиіс: компьютер құрылысын, қызметін, осы заманғы медицинада қолданылуын, интернет жүйесін, қолданбалы және стандартты бағдарламалармен жұмыс істеуді және оларды кәсіби қызметінде пайдаланылуды;

экономикалық теорияның жалпы ережелерін экономика негіздерін, елдегі және елден тыс экономикалық жағдайларды білу;

әлеуметтік философия туралы – қоғам туралы ғылым ретінде, оның дамуын, материалдық және рухани бірлігін, сонымен қатар қоғамның рухани өмірі мен және медицинамен байланысы туралы мәліметтерді білу;

Биологиялық мембраналардың физико-химиялық ерекшеліктерін, мембрпаналардың құрамы мен қасиеттерін, жүректің биофизикалық жұмыс заңдылықтарын, жарықтың биологиялық құрылымдары мен өзара әсерлесуінің физикалық ерекшеліктерін капиллярлық құбылыстарды білу;

негізгі психологиялық процестердің және жеке тұлғаның даму заңдылықтарын білу;

дәрілік заттардың фармакодинамикасын және фармакокинетикасының негізгі заңдылықтарын білу;

саяси жүйелер мен саяси режимдер туралы, саясаттың адами өлшемдері туралы ұғымдарға ие болу;

-өмірдің пайда болуы және дамуының жалпы заңдылықтарын, қалыпты және патологиялық жағдайдағы организмнің тіндері мен жасушалардың, ағзалары мен жүйелерінің құрылысын және функцияларын, жұмыс кезіндегі адамның топографо анатомиялық ерекшеліктерін білу;

беткейлік құбылыстарының физика-химиялық заңдылықтарын және тірі организмнің бытыраңқы жүйелерін білу. Биогендік элементтер туралы түсінікке ие болу;

органикалық қосылыстардың құрылысын және қасиеттерін білу. Тірі организмде жүріп жатқан маңызды үрдістердің химиялық және физико-химиялық аспектілерін және әр түрлі реакциялардың негіздеу;
– аурулардың негізгі симптомдары мен синдромдарын білу. Ересек адамдармен балалардағы ішкі ағзалары мен жүйелерінің;

– хирургиялық ауруларды;

– жұқпалы ауруларды;

акушерия және гинекологияны;

денсаулық сақтау және ұйымдастыру құрылымдарының, емдеу-профилактикалық және санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің дамуы туралы нормативтік-құқықтық құжаттарды білу;
– ерітінділердің құрамын анықтау әдістерін, ерітінділердің коллигативтік қасиеттерін және организмдегі рөлін бөлу;

организмнің ағзалары мен жүйелерінің, тіндері мен жасушаларының құрылысын және олардың жіктелуін білу;

рецепттер жаза білу, грек-латын текті терминдердің мағынасын түсіндіру;

аурухана ішілік жұқпалы аурулардың симптомдарын анықтау, ЕСМ-де инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

қоғамда адамдар арасындағы қатынастарды реттеудің адамгершілік нормаларын, диалектикалық дамудың негізгі заңдарын және заңдылықтарын білу, практикалық қызметте негізгі түсініктер мен заңдардың күшін қолдану;

қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті және ағзадағы буферлік жүйенің мәнін білу;

өз денсаулығына ұқыпты қатынас жасауға, физикалық дайындықта, физикалық және психикалық қасиеттерін тұтас дамытуда, дене шынықтыру құралдарын салауатты өмір салтын ұйымдастыруда пайдалану қажет-тілегіне, білім мен тұрақты дағдыларға ие болу;

Қазақстан тарихын үйрену барысында тарихи оқиғаларды, көріністерді, беталыстарды әділ талдау дағдыларына ие болу;

термодинамика және термохимияның негізгі заңдылықтарын игеру;

тұқым қуалайтын аурулардың типтерін және формаларын анықтау әдістемесін игеру және алған білімдерін клиникалық және лабораториялық пәндерді үйрену кезінде қолдану;

дүниенің және аумақтардың негізгі мәдени-тарихи орталықтары, этикалық құндылықтар, мәдениеттердің формалары және типтері туралы түсінікке ие болу;

жұмыс орнының еңбекті қорғау, өндірістік санитария, инфекциялық және өрт қауіпсіздігін ескере отырып ұйымдастыра білу;

ежелгі дәуірден осы заманға дейінгі медицина тарихын, Шығыс, Батыс Еуропа, Ресей және Қазақстанның көрнекті медицина қайраткерлері туралы тұтас түсінікке ие болу.


2. Кәсіби құзыреттілік:

адам денесінің құрылысынан хабардар болу; адам денесінің негізгі остері мен жазықтығын анықтау;

ағзалардың, қан және лимфа жүйелерінің проекциялары мен шектерін табу;
– аспаптарды қолдана отырып, тәжірибелер жасау, химиялық экспериментті анализдеу, иондық алмасу теңдігін және тотығу-қайта тіктеу реакцияларын құру, органикалық заттардың функционалдық топтары бойынша құрылымдық формаларын, органикалық заттардың классының концентрациясы, түрлері мен сапалық реакциясы класстарына қарапайым есептеулер жүргізе алуы тиіс;

лабораториялық зерттеулер жүргізуге жұмыс орнын дайындай білу;

лабораториялық зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді тіркей білу;

биологиялық жүйелерді зерттеу үшін негізгі медициналық аспаптар мен аппараттар топтарын қолдана білу;

пайдаланған материалдың қайта өңдеуді, пайдаланған лабораториялық ыдыстарды, құрал-саймандарды, жеке басын қорғау заттарын зарарсыздандыру және залалсыздандырылуын жүргізе білу;

мамандыққаидеген тұрақты, оң көзқарасты қалыптастыра білу. Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыта білу. Салауатты тұлға қалыптасуына себебін тигізе білу;

-асептика мен антисептика ережелерін сақтауды білу;

халық ішінде гигиеналық тәрбие жұмысын жүргізе білу;

әртүрлі концентрациялық ұқсас және нақты ерітінділерді залалсыздандыруға тығындар және тампондар, ыдыстарды дайындауды іске асыра білу.


3. Арнайы құзыретілік:

4S09140101 – «Медициналық лаборант» тиіс:

көмірсулардың, липидтердің, ақ уыздық дәруминдердің және ферменттердің негізгі өкілдерінің рөлін, жіктелуін және қасиеттерін білу;

патологиялық материалды зерттеу және одан әрі зарарсыздандыруын жүргізу. Әрбір анализдің диагностикалық маңызын түсіну;

микроскоппен жұмыс істеу, гистологиялық техниканың негізгі әдістерін пайдалана білу;

қарапайымдылардың, гелминттердің, буынаяқтылардың дамуының әр түрлі кезеңінде паразиттік типтерін анықтай алу;

зерттеуге материал алуды, қоректік орталарға егуді, таза дақыл бөліп алуды; микроорганизмдердің дәріге сезімталдығын анықтау әдістерін қолдана білу;

аналитикалық таразылармен, жылыту, өлшеу құралдармен, центрифугамен, КФК-н, лабораториялық ыдыстармен және тағы басқаларымен жұмыс істеу;

сапалық, сандық есептің экспресс- әдістерді жүргізу;
– әр түрлі жарақаттарда дәрігерге дейінгі көмек көрсете алу, реанимация әдістерін, манипуляция
техникасын игеру;

қанның, несептің және оның тұнбасының жалпы анализдерін, нәжістің зерттеу, қақырықтың, іріңнің, мұрынның және жұтқыншақтың ішіндегісін зерттеуді.

Медициналық лаборанттың кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:

биологиялық материалдар;

сыртқы орта объектілері;

азық-түліктер.


0305013 «Медициналық лаборант» біліктілігі түлегінің кәсіптік қызметінің түрлері:

шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету;

-дистилятормен, қыздырғыш аспаптармен, центрифугамен, барлық түрдегі таразылармен, КФК, ИФА, ПЦР, талдағышавтоматтармен, жеделталдағыштармен және т.б.;

есепке алу, есеп беру құжаттарын жүргізу;

гистологиялық техниканың негізгі әдістерін пайдалана отырып, микроскоппен жұмыс істеу;

– қарапайымдылардың, гельминттердің, бунақ аяқтылардың әр қилы даму сатыларындағы типтерін анықтауды іске асыру;

биологиялық материалдардың биохимиялық талдауының әдістерін білу;

– қанның, несептің, асқазан сөлінің, нәжіс массаларының, өттің, қақырықтың, қынап қабырғалары жасушаларының, қуық безі сөлінің және ликвордың қалыпты және патологиялық жағдайдағы қасиеттері мен құрамын анықтау;

– асқазан, өт қабы қызметтерін зерттеу әдістерін игеру және қан топтарына, саңырауқұлақпен және жыныстық қатынас ауруларымен зақымдануларға сипаттама беру;

– бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулерге арналған материалдарды (қақырық, жұтқыншақ пен мұрынның ішіндегі заттары, ірің, нәжіс, несеп және қан) алуды іске асыру;

әр түрлі әдістермен микроскопиялық препараттарды дайындау және бояу;

әр түрлі қоректік орталар дайындау және оларды зарарсыздандыру;

микроорганизмдердің дәрілерге сезімталдығын анықтау әдістерін меңгеру;

сыртқы орта объектілерінен материал алуды іске асыру;

-суды, топырақты, азық-түлік өнімдерін, күнделікті пайдалану заттарына санитариялық бактериологиялық, санитариялық вирусологиялық тексеру жүргізу;

судан, топырақтан, тамақ өнімдерінен, ауадан сынама алуды және олардың физико-химиялық қасиеттерін анықтау;

қоршаған орта факторларына санитариялық-гигиеналық баға беру;

тұрғын үйлер мен өндірістік кәсіпорындардың микроклимат көрсеткіштерін анықтау және бағалау;

тігу және таңу материалдарының зарарсыздығына талдау жүргізу;

дезинфекция және зарарсыздандыру сапасына бақылау жүргізу;

-аэробтар мен анаэробтардың таза дақылдарын бөліп шығару, оларды идентификациялау;

-микробиологиялық, вирусологиялық, санитариялық-гигиеналық, клиникалық- диагностикалық және биохимиялық талдауларыды есепке алу, баға беру және нәтижелерін жазып беру;

қазіргі заманғы барлық биологиялық материалдардың нақтамасын, дифференциалдық нақтамасын, лабораториялық және аспаптық әдістерді пайдалана отырып іске асыру;

салауатты өмір салтын насихаттау бойынша санитариялық ағарту жұмыс жүргізу.

09160100 «Фармация» мамандығы, 4S09160101 «Фармацевт» біліктілігі бойынша білім беру бағдарламысының құрылымы

09160100 «Фармация» мамандығы, 4S09160101 «Фармацевт» біліктілігімен студент
базалық құзіреттілікті меңгеру қажет:

– Қазақстан тарихының негізгі дәуірлері мен кезеңдерін, ретін, негізгі тарихи деректерді, оқиғаларды білуі, Қазақстанның ежелгі және қазіргі қоғам қайраткерлерінің сіңірген еңбектерін, казіргі заманның рухани, мәдени, интелектуалды,экологиялық құндылықтарының негізін бағалай білуі керек;

– мемлекеттік тілді және ұлтаралық тілдерді жетік игеруі, шетел тілінің кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқып және аудару үшін (сөздікпен) лексикалық және грамматикалық минемумын білу, іскерлік тіл негіздерін игеріп,кәсіби лексиканы сауатты қолдана білуі керек;

сыртқы ортаны, қоршаған табиғатты сақтауға жан – жануарларды қорғауға арналған, дене шынықтыруға және жалпылай спорттың дамуына, әдептілікке, көркем танулыққа, имандылыққа бағыттайтын іс – шараларда өз септігін тигізу;

адамзаттың денсаулығын сақтауға, қорғауға және аурудың алдын алуға б азаматтық бостандығы мен құқығының негізін және олардың құрылымын, жүзеге асыру механизмдерін, адамдардың қоғамдағы арақатынасының адамгершілік нормаларын, кәсіби іс – қимыл атқарудың құқықтық және адамгершілік – этикалық нормаларын білуі керек;

– ағытталған шараларға ат салысып, салауатты өмір салтын ансихаттап, денсаулықты жақсартуға бағыттайтын жағдайлар жасап,денсаулыққа төніп тұрған қатерлерді азайтуға ат салысуы керек;

халықаралық достастық пен қарым – қатынастың нығайуға, ұлттардың салт – дәстүрлеріне түсіністікпен қарайтын іс – әрекеттерді игеруге, әлеуметтік, нәсілділік ұлтшылдық түсініспеушіліктердің болмауына ықпал ететін іс- шарларға ат салыса білуі керек ;

-алған білім мен біліктілігін кәсіби іс – әрекеттерімен ұштастырып, неғұрлым дербес қызмет көрсете алуға және білімін үнемі жетілдіруге тырысып. Кәсіптік қызметіінде білікті және дағдылы болуға, жаңа технологияларды игеруге ынталануы тиіс, кәсіби құзіреттілікті меңгеру қажет:

-медициналық терминдермен латын тілін негізін, шипашақтардағы стандартты жазба үлгілерімен сөздіктерін игеріп, дәрілік препараттардың патенттелген, халықаралық, саудалық фирмалық аталымы бойынша жазылымдарын білуі керек;

дәріханалық жағдайда дәрілік нысандардын өндіру негіздерін анықтай білуі, дәрілік заттарды қолдану, дәріханалық ұйымдардағы шипашақтық-өндірістік бөлімнің ұйымдастырылу ретін, бөлімнің міндеттері мен қызметін, жұмыс орындарының құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету ережелерін білуі керек;

құралсыз көзге көрінбейтін мейлінше ұсақ тірі денелердін марфологиясы мен физиологиясын, жұқпалы ауру қоздырғыштарының түрлерін және олардың ағзаға ену жолдарын, арнайы және алдын алу емдік іс- шараларын, санитария және гигиена негіздерін санитария-гигиеналық зерттеу әдістерін анықтауы тиіс;

тірі материяның жаратылу денгейлерін, гендік-инженерлік және жасушалық биотехнологияның жетістіктерін, адамның макро және микроқұрылымының өмір сүру негіздерін, физиологиялық процестердің өзіндік реттелу үрдістерін – физиологиялық зерттеулер әдістерін анықтай алуы керек;

тіршілікті қамсыздандыру жағдайларын ұйымдастыру негіздерін, төтенше жағдайда дәрігерге дейінгі көрсетілетін алғашқы көмек берудін мақсаттарын және ұйымдастыру принциптерін, тосын жағдайда көшіру – емдеу жұмыстарының жүргізілуін, радияциядан және улайтын заттардан қорғану әдістерін анықтай алуы тиіс;

ойлау-талдау шенберлерінің кенейуіне және табиғаттын қадыр қасиетін түсінуіне ықпалдайтын тіршіліктін пайда болуын және дамуын, тірі ағзалардын жіктелуін және топтамалануын, тірі табиғаттың жіктемесін және атқаратын міндеттерін, олардың бір бірімен байланысын және тірі ағзаның өлі ағза мен байланысын, өмір сүру денгейлерін, жасушалық және даму теориясын, экологиялық және биологиялық зандылықтардың ілімдерін анықтай білуі керек;

өмір сүру үрдістерінің молекулалық негіздерін, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың молекуласындағы атомдардың бір-біріне әсерін және химиялық байланыстардың, заттардың сандық және сапалық тандау әдістерін білуі тиіс;

дені сау ағзаның құрылымы мен атқаратын қызметі мен адам ағзасында ауруға себеп болатын патологиялық үрдістердін пайда болу зандылықтарын, қорғану-икемделу іс-әректтердің қалыптасу механизмін, ағзаның реттеуінің рөлін және қоршаған сыртқы ортаның әсерін анықтай білуі тиіс;

фармацевтикалық нарыққа тауарлар түрлерін ұсына білуді, шипашақсыз болатылатын дәрі-дәрмектердің аналогтарын (ұқсас) ұсына (мүмкіншілігінше дәрігермен кеңесіп) білуі тиіс;
– еңбектік ғылыми әдістемелерді (EFA) жүзеге асыру үшін, шипашақтық- өндірістік бөлімде дәрілік нысандарды өндіруге қажетті жұмыс орындарының санын өндіру жағдайларын (асептикалық жағдайларда және асептикалық жағдайларды қажет етпейтін дәрілік нысандарды өндіру), қолдану тәсілдерін (ішкі вғзаға дене сыртына пайдаланылатын), дәрілік нысандар түрлерін (ұнтақтар, ертінділер, майлар, тамшылар, суппозиторилар), тұтынушылардың белгілерін ескере отырып анықтай білуі керек;

Әрбір фармацевтикалық пәндер саласының даму тарихын білу, қазіргі күнге дейін сақталып келе жатқан негізі фармацевтикалық терминдер тіркестерін мағнасын және маңызын, олардың кез – келген өндірістегі, ұжымдардағы, ғылыми – техникалық бағыттардағы пайдалану үйлесімділігі мен әсерлерін білуі керек;

ҚР тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудін басқару құрылымын, дәрілік заттар айналымы саласының заңдық базасын және нормативті – құқықтық негіздерін, фармацевтикалық нарықтағы тауарайналым жүйесінің ұйымдық қызметтерінін негіздерін, дәріханалық мекемелердін түрлерін және құрылымын анықтай білуі қажет;


Арнайы құзіреттілікті меңгеру қажет:

фармацевтикалық ақпараттар көздерін және ұсыныстарды ұсыну әдістерін анықтап, дәрі-дәрмектердән сатылым жылдамдығына және тағайындалу жиелігіне сүйене отырып, ассортиментік сараптама жүргізуді білуі, дәрі-дәрмектерге жарнама жүргізу барысында этикалық және ғылыми қағидаларға жүгінуі тиіс;

Фармацевтикалық тауарларды белгіленген нормалар бойынша сатылым үдерісін қамтамасыз етуі қажет;
тауарларлық – материалдық құндылықтардың тасымалдану, орналастыру кездерінде сақталуын қадағалап қамтамасыз етуі қажет;

санитарлық талаптарды және жеке басына қойылатын гигиеналық талаптарды, еңбек ету тәртібін сақтай білуі тиіс;

фармацевтикалық кәсіби іс – шараларын жүргізу барысында Мемлекеттік Фармакопеяны, нормативтік – құқықтық құжаттарды, ақпарттарды қолдана білу тиіс;

шипашақтарға ҚР нормативтік – құқықтық құжаттардың талаптарына сай фармацевтикалық талдау жүргізуді, шипашақтардың (талаптық құжаттарды) рәсімделуінің дұрыстығын, құрамдас заттардың бір – бірімен үйлесімділігін, жазылған доза мөлшерлерінің сайлығын анықтауды, төлем құнын санап шипашақтарды тиісті құжаттар бойынша есепке алуды және төленгеннен соң дәрі – дәрмектерді босата алуы тиіс;

шипашақтардағы жеке, стандартты және магистральды жазбашалар бойынша дәріхана жағдайында түрлі дәрілік нысандарды дайныдап, белгіленген талаптарға сәйкес әрбір дайныдалған дәрілік нысандарға жазбаша бақылау паспортын толтыра білуі тиіс;

дайындалған дәрілік нысандарға дәріханаішілік сапалық бақылау сараптама жүргізуді, есептеуді және дәрілік заттарға сандық және сапалық сараптама жүргізіп, нәтижесін тиісті құжаттарға рәсімдеуді, ҚР нормативтік – құқықтық құжаттардың талаптарына сай ауытқуларды анықтай білуі тиіс;
– тауарлар қозғалысын есепке алып, кіріс және шығыс тауарлық құжаттамаларды жүргізуді, қаржылық – шаруашылық іс – шараларында пайдаланатылатын іс – құжаттарын анықтай білуі тиіс;

тиісті кіріс және шығыс құжаттары бойынша заттық – сандық есеп жүргізуді, тауарлы – материалдық құндылықтардың өзіндік шығыстарын шамалары бойынша есептеп шығаруды білуі керек;
– тауарлық материалдық құндылықтарды есепке алып, есеп беру жұмыстарын жүргізе білуі тиіс;

дәріханалық ұйымдарда тауарлық қорларды есепке алу жұмыстарын жүргізе алу тиіс (алынуын, қозғалымын, шығысын);

өсімдіктің сырт келбетіне қарай тану, ботаникалық көрсеткіштерін анықтау, өмірсүру үдерістерін, өсімдіктің таралуын, қоршаған ортамен және бір – бірімен байланысын, Қазақстанда өсетін жабайы өсімдіктерідің түрлерін біліп, дәрілік өсімдіктердің өсетін жерлерін және жақсы өсетін жерлерін анықтау арқылы карта құрастыра алуы тиіс;

дәрілік өсімдік шикізаттарының жүйесін, латынша аталуын, анатомиялық – диагностикалық көрсеткіштерін, өсу орнын және аймақтарын, медицинада қолдануын, гербарийлер мен микропрепараттар дайындауды, дәрілік өсімдік щөптерге микро және макроскопиялық сараптама әдістерін анықтауы тиіс;

зерттеуге қажетті микроскопты қолдану ережесін, дәрілік шөпті жинау әдістерін, шөпті өсіру және дайындау сатыларын, дірілік шөптер шикізатын кептіру және дайындау тәртіптерін, жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді жинау техникасын, улы шөптер шикізатын жинау техникасын, кесілген және майдаланған ұнтақтық щикізаттың түп нұсқасын анықтау ережелерін білуі тиіс;

әртүрлі факторлардың дәрілік заттардың әсерлерін тәуелділігін, дәрілік препарттардың фармакоденамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын, олардың жылпы жанама және уытты әсерлерін, қолдануға оң және теріс көрсетілімдерін қоса отырып, дәрілік препараттардың аналогтары (ұқсас) мен синонимдерін білуі керек;

дәрі – дәрмектерге деген сұранысты жобалап, оынң сұраныс деңгейін анықтауды, фармацевтикалық нарықтағы баға деңгейіне, мүмкіншіліктерге сараптама жасауды, бағаны қалыптастыру әдістерін қолдана, дәріханалық ұйымдардың тауарайналымына әсер ететін факторларды анықтай білуі тиіс;

тауарлардың асортименттік түрлерін сараптау арқылы өтімді, пайдалы, тиімді және сұранымдық тауарларды саралап, тауарлар қорының қажетті шамасын анықтай алуы тиіс;

тауарларды сөрелер мен қабаттарға сатылу мөлшеріне әсер ететін жағдайларды, тұтынушылардың сату бөлмесіндегі іс – әрекеттерін ескере отырып, тиімді орналастыра білу тиіс.


09160100 «Фармация» мамандығының кәсіби қызметінің түрлері:

  • жалпы фармацевтикалық: фармацевтикалық өнімді көтерме-бөлшек сауда арқылы босату;

  • өндірістік: дәрілік нысандарды дәріханалық жағдайында дайындау,

  • ақпараттық-сараптамалық;

  • ақпараттық-кеңестік;

  • маркетингтік;

  • инновациялық.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

2023-2024 оқу жылындағы «Емдеу ісі», «Акушерлік іс», «Лаб. диагностика», «Фармация» бөлімдерінің жалпы мәліметі

Топтар

Оқыту тілі

Бюджет/

внебюджет

Студенттердің саны

Топ жетекшісі:

1

101 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

бюджет

25

Мысаева Г.Ж

2

102 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

бюджет

25

Шаукарова А

3

105 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

бюджет

25

Қанатбаева А

4

106 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл

каз

бюджет

25

Дильмукашова А.

5

107 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл

каз

бюджет

25

Куламанова Ж.Т.

6

122 «Лаб.диагностика» 11 кл

каз

бюджет

25

Жулмагамбетова Н.К

7

123 «Акушерлік іс» 11кл

каз

бюджет

22

Есенгулова Б.Н.

8

124 «Акушерлік іс» 11кл

каз

бюджет

21

Әмірова Н

9

125 «Фармация» 11кл

каз

бюджет

24

Нұржанова Р.Г

10

201 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

бюджет

20

Нағашнбай А

11

202 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

бюджет

20

Ташкенова Л

12

205 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл

каз

бюджет

18

Бекниязова Г.Ж

13

206 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл

каз

бюджет

18

Акбаева Г.А

14

222 «Лаб.диагностика» 11 кл

каз

бюджет

24

Манарбекұлы А

15

223 «Фармация» 11кл

каз

бюджет

24

Қалдыбаева Н.К.

16

301 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

бюджет

25

Тобажанова Р.Р.

17

302 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

рус

бюджет

12

Исмагулова С.С

18

315 «Лаб.диагностика» 11 кл

каз

бюджет

24

Саматов Д.С

19

401 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

бюджет

25

Мысаева Г.Ж

 

Барлығы:

 

 

427

 

1

127 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл

каз

внебюджет

26

Ұлықпанова Г

2

225 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

внебюджет

26

Усенова Г.Р.

3

226 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

внебюджет

27

Изжанова А

4

227 «Лечебное дело» (ф) 9 кл

рус

внебюджет

25

Таймагамбетова А

5

232 «Акушерлік іс» кл

каз

внебюджет

20

Мұқанбет С

6

328 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

рус

внебюджет

13

Исмагулова С.С

7

317 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

внебюджет

25

Аманкулова А.А.

8

318 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

внебюджет

26

Мырзагулова А

9

321 «Емдеу ісі» (ф) 11 кл

каз

внебюджет

23

Нсанов Б.Р.

10

322 «Акушерлк іс» (ак) 11 кл

каз

внебюджет

22

Аманкулова А.А.

11

325 «Фармация» 11 кл

каз

внебюджет

24

Карагаева Л.У.

12

415 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

внебюджет

21

Изжанова А

13

416 «Емдеу ісі» (ф) 9 кл

каз

внебюджет

27

Саймагамбетова Д.А

14

417 «Лечебное дело» (ф) 9 кл

рус

внебюджет

24

Таймагамбетова А

 

Барлығы:

 

 

329

 

 

Барлығы:

 

 

756

 

“Емдеу ісі” бөлімдерінің оқу үдерісінің кестесі

Семестр

Оқу апталары

Аралық аттестация

Өндірістік тәжірибе

Демалыс

1курс

9 кл 

 

1 семестр

20 апта

01.09-19.01.

2 апта

22.01-02.02

2  семестр

20 апта

05.02-28.06

 

01.07-31.08

1курс

11 кл 

 

1 семестр

18,5 апта

01.09-10.01.

1,5 апта

11.01-19.01

2 apta

22.01-02.02

2 семестр

14 апта

05.02-17.05

2 апта

17.06-28.06

4 апта

20.05-14.06

 

01.07-31.08

2курс

9 кл 

3 семестр

18,5 апта

01.09-10.01.

1 апта

11.01-19.01-

2 апта

22.01-02.02

4  семестр

14 апта

05.02-17.05

4 апта

20.05-14.06

2 апта

17.06-28.06

 

01.07-31.08

2курс

11 кл 

3 семестр

14 апта

01.09-08.12.

2 апта

08.01-19.01

4 апта

11.12-05.01

2 апта

22.01-02.02

4 семестр

14 апта

05.02-17.05

2 апта

17.06-28.06

4 апта

20.05-14.06

 

01.07-31.08

3курс

9 кл 

5 семестр

14 апта

01.09-08.12.

2 апта

08.01-19.01

4 апта

11.12-05.01

2 апта

22.01-02.02

6 семестр

14 апта

05.02-17.05

2 апта

17.06-28.06

4 апта

20.05-14.06

9 апта

01.07-31.08

3курс

11 кл 

5 семестр

15 апта

01.09-15.12.

1 апта

18.12-22.12

4 апта

25.12-19.01

2 апта

22.01-02.02

6 семестр

8 апта

05.02-05.04

2 апта

17.06-28.06

10 апта

08.04-14.06

4курс

9 кл

7 семестр

15 апта

01.09-15.12.

1 апта

18.12-22.12

4 апта

25.12-19.01

2 апта

22.01-02.02

8 семестр

8 апта

05.02-05.04

2 апта

17.06-28.06

10 апта

08.04-14.06

«Акушерлік іс» бөлімдерінің оқу үдерісінің кестесі

Семестр

Оқу апталары

Аралық аттестация

Өндірістік тәжірибе

Демалыс

1курс 11кл

1 семестр

18.5 апта

01.09-10.01.

1,5 апта

11.01-19.01

 

2 апта

22.01-02.02

2 семестр

14 апта

05.02-17.05

2 апта

17.06-28.06

4 апта

20.05-14.06

 

01.07-31.08

2курс 11кл

1 семестр

14 апта

01.09-08.12.

4 апта

11.12-05.01

2 апта

08.01-19.01

2 апта

22.01-02.02

2 семестр

14 апта

05.02-17.05

4 апта

20.05-14.06

2 апта

17.06-28.06

 

01.07-31.08

3курс 11кл

1 семестр

15 апта

01.09-15.12.

1 апта

15.01-19.01

4 апта

18.12-12.01

 

22.01-02.02

2 семестр

8 апта

05.02-05.04

2 апта

17.06-28.06

10 апта

18.04-14.06

 

«Фармация» бөлімдерінің оқу үдерісінің кестесі

Семестр

Оқу апталары

Аралық аттестация

Өндірістік тәжірибе

Демалыс

1курс 11кл

1 семестр

18 апта

01.09-05.01.

2 апта

08.01-19.01

2 апта

22.01-19.02

2 семестр

16 апта

05.02-31.05

2 апта

17.06-28.06

2 апта

03.06-14.06

 

01.07-31.08

2курс 11кл

3 семестр

16 апта

01.09-22.12

4 апта

22.12-19.01

2 апта

22.01-02.02

4  семестр

14 апта

05.02-17.05

2 апта

17.06-28.06

4 апта

20.05-14.06

 

01.07-31.08

3курс 11кл

5 семестр

13,5 апта

01.09-06.12.

1 апта

07.12-15.12

5 апта

18.12-19.01

2 апта

22.01-02.02

6 семестр

8 апта

05.02-05.04

2 апта

17.06-28.06

10 апта

08.04-14.06

«Лабораториялық диагностика» бөлімдерінің оқу үдерісінің кестесі

Семестр

Оқу апталары

Аралық аттестация

Өндірістік тәжірибе

Демалыс

1курс 11кл

1 семестр

18 апта

01.09-05.01.

2 апта

08.01-19.01

2 апта

22.01-02.02

2 семестр

17,5 апта

05.02-07.06

1 апта

10.06-14.06

2 апта

17.06-28.06

 

01.07-31.08

2курс 11кл

3 семестр

14 апта

01.09-08.12.

1,5 апта

11.12-20.12

5 апта

21.12-19.01

2 апта

22.01-02.02

4 семестр

14,5 апта

05.02-17.05

1,5 апта

20.05-31.05

4 апта

03.06-28.06

 

01.07-31.08

3курс 11кл

5 семестр

14,5 апта

01.09-13.12.

1 апта

14.12-22.12

4 apta

25.12-19.01

 

22.01-02.02

6 семестр

8 апта

05.02-05.04

2 апта

17.06-28.06

10 апта

08.04-14.06

Топтар

Оқыту тілі

Бюджет  внебюджет

Студент саны

Топ жетекшісі

1

101 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Бюджет

25

Муслимқызы Г.

2

102 «Емдеу ісі» (ф)

Рус

Бюджет

10

Исмагулова С.С

3

128 «Емдеу ісі» (ф)

Рус

Внебюджет

15

Исмагулова С.С

4

117 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Внебюджет

25

Аманкулова А.А.

5

118 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Внебюджет

25

Туленова А

6

121 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Внебюджет

24

Нсанов Б.Р.

7

122 «Акушерлік іс» (ак)

Каз

Внебюджет

25

Каналина Б.М.

8

201 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Бюджет

25

Аймагамбетова А.К

9

203 «Емдеу ісі» (ак)

Каз

Бюджет

24

Қобланова А

10

215 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Внебюджет

24

Изжанова А

11

216 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Внебюджет

25

Динашова Ж.Б

12

217 «Лечебное дело» (ф)

Рус

Внебюджет

23

Таймагамбетова А.

13

218 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Внебюджет

27

Әмірова Н

14

301 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Бюджет

25

Қанатбаева А

15

302 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Бюджет

25

Абдирашова Ж.С

16

303 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Бюджет

24

Бекниязова Г.Ж

17

304 «Емдеу ісі» (ак)

Каз

Бюджет

24

Зайлагиева Н.А

18

317 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Внебюджет

26

Мысаева Г.Ж

19

318 «Емдеу ісі» (ф)

Каз

Внебюджет

22

Аязхан Ұ

20

319 «Емдеу ісі» (ак)

Каз

Внебюджет

23

Акбаева Г.А.