Кітапхана

Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Үстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

                   Абай Құнанбайұлы

Колледж кітапханасының жалпы аумағы 244 ш.м құрайды, бас ғимараттың 1-қабатында, жатақханада 2-қабатта орналасқан. Кітапхана құрылымы:абонемент, оқу залы және мультимедиа кабинеттерінен тұрады.Студенттер мен оқытушылардың мультимедиа залында ғаламтор желісіне қосылған компьютерлермен жұмыс жасай отыра, электронды оқулықтарды пайдаланып,  қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндіктері бар. Кітапхана қоры республикалық,жергілікті баспалардың, кітап-сауда орталықтарынан мемлекеттік сатып алу, кітап авторларымен келісім-шарт жасау негізінде толықтырылады. Кітапхана қорының сапалы және толық жабдықталуына қатысты, әсіресе әрбір мамандықтар үшін мемлекеттік тілдегі кітаптарға, оқулықтарға аса зор көңіл бөлінеді. Колледж оқытушылары  пәндер бойынша мемлекеттік  тілдегі оқулықтардың 50-ден  астам оқу  құралдарын құрастырған кітаптарымен студенттер білім алуда. Медиа – кітапхана қорындағы электронды тасымалдаушылар бойынша оқу басылымдарының саны электронды оқулықтарды қамтиды: 3905 (5523)  дана, оның ішінде медициналық оқу – әдістемелік оқулықтар – 3905  дана, жалпы білім беретін қазақ тілінде  оқулықтар – 1461 дана, оның ішінде орыс тілі- 983. Басқа тілде 118. Инклюзивтік топтағы студенттерге  арналған колледж оқытушыларының  арнайы  жасақталған  ғылыми жұмыстарында аудио,видео дискілері бар.Кітапхана қоры электронды оқулықтармен үнемі жаңартылып отырады.Электронды цифрлық кітапхана «Аknurpress» базасымен қолданыста-2500 электронды оқулықпен қамтылған,медицина саласының оқулықтары 1000дана оқулығы  бар. «Кітапхана ісі» электронды кітапхана бағдарламасы бойынша жаңа түскен оқу әдебиеттерітіркеліп, электронды каталог түзіледі.Қорды жаңа оқулықтармен толықтыру жұмыстары жыл сайын жүргізіліп тұрады.Колледж кітапханасы – басты ақпарат көздері болып табылатын мерзімді басылымдар, баспасөз материалдарына жазылу жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. Медицина саласындағы жаңалықтарды енгізу, педагогтарөткізетін сабақтардың жаңа әдістерін насихаттайтын басылым материалдарынан тұратын тақырыпты картотекалар әзірленеді. Оқу залында оқырмандарға көмекші-әдістемелік құралдар ретінде түрлі тақырыптарда папкалар дайындалады.

ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы жобасы аясында   кітапханасы  жоспар бойынша әртүрлі  іс-шараларды  өткізуде.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деп Абай Құнанбаев  айтқандай  кітап – өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. «Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшінде кітап керек». Шынымен де, кітап – адам баласының сан ғасырлық  ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап – алтын қазына. Кітаппен оқырмандарды қауыштыратын рухани орда – кітапхана. Колледж  кітапханасы ақпараттық-білім беру және мәдени орталығы бола отырып сапалы білім алуға және білікті мамандарды даярлауда, білім беру бағдарламаларына сәйкес келетін сапалы кітап қоры мен заманауи электрондық ресурстарымен қамтамасыз етілген.

        Білім беру бағдарламасының: Есеп беру 2022-2023 оқу  жылында келіп түскен жаңа  оқулық – 12 атаумен – 450 дана оқулықтар мамандық бойынша қазақ және орыс тілінде келіп түсті .Кітапхананың негізгі кітап қоры- 73668 дананы  құрайды. Оның ішінде оқулықтар– 40926,  оқу әдістемелік  әдебиеттер – 17270 дана,  мемлекеттік тілдегі оқулықтар -30426 дана. Көркем әдебиеттер  және мерзімді басылымдар саны -15472 дананы құрайды Кітапхана қорындағы оқулықтар 1 студентке шаққанда 28 оқулықтан келеді. Оқытудың барлық циклдары бойынша оқулықпен қамтылу деңгейі  100% құрайды.

                «Оқуға құштар колледж» Тұжырымдамасы жобасы аясында кітапханада қордың электронды базасын қалыптастыру, білімгерлердің кітап оқуға қызығушылын арттыру мақсатында барлық оқырман пайдалана алады. 

        «Кітап – білім бұлағы,білім – өмір шырағы» деген қазақ даналығы бекер айтылмаса керек. Еліміздің болашағы жарқын болу үшін,ең алдымен жастарымыз білімді, кемел мінезді, ойы, сөзі, ісі бір,бәсекеге қабілетті, рухани деңгейі жоғары, кәсіби маман болуы қажет. Сонымен қатар  «Оқуға құштар колледж» жобасы шеңберінде кітапхана қорындағы кітап қорымен таныстырылды.  Әдеби кітаптардан заманауи стеллаж жасалды

         Білім беру ұйымының https://ahmc.edu.kz/  жеке сайты жұмыс жасайды. Колледждің ресми веб-сайтында білім беру мекемесінің кітапхана жұмысы туралы ақпарат  берілген.

«Оқуға құштар колледж»
«Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін» Библио - кросс Кітап сөресі

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

«Кітапхана - табыс мекені». Ашық есік күні

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

«Кітап достарын іздейді» Буккроссинг Жатақхана студенттеріңе ашық кітап көрмесі

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

ЖАТАҚХАНАДАҒЫ КІТАПХАНА

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Электронды цифрлық кітапхана «Аknurpress» базасы 

«Аknurpress»цифрлық кітапханасы – отандық цифрлық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің деректер базасына онлайн қолжетімді бағдарламалық өнім, техникалық қолдауы бар, байланыс орталығы

Оқу үдерісіне арналған әдебиеттерді таңдауда жоғары сапалы көзқарас бар, Қазақстан Республикасының жоғары және орта оқу орындарына арналған оқу пәндеріне сәйкес келетін 2500-нан астам атаудағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді қамтиды. Әдебиеттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген.

Кітапхана күн сайын жаңартылып, жаңа басылымдармен толықтырылып отырады, сонымен қатар базада әртүрлі пәндер бойынша отандық ғылыми мақалалар да бар.

Тіркелгеннен кейін қашықтан қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Онлайн кітапханаға кіру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: aknurpress.kz.Колледж кітапханасынан  промакод,алып,сайд арқылы тіркеледі.

электрондық пошта мекенжайымыз: aknurpress@gmail.com

Қашықтықтан оқытатын тегін электронды ресурстар жүктемесі.

Кітапхана пайдаланушыларыңа, бұл бөлімде сіздерге ішінен онлайн-кітапханаларды, әр түрлі тақырыптағы интернет-порталдарды; Қазпатенттің, Роспатент ресми сайттарын,онлайн-сөздіктерді, академиялық ресурстарды және көптеген пайдалы ақпаратты табуға болатын тегін онлайн-ресурстарды пайдалана аласыздар

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ТІЗІМІН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ АЛЫҢЫЗ