Ақтөбе медициналық колледжінің жатақханасы

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК жатақхансы Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ көшесі 39 үйде орналасқан.

Жатақханада білім алушыларға арналған бөлмелер саны 39, Жатақхана 150 орынға есептелген.

Жатақханадағы тазалық жұмыстарын реттеуге, тәртіп бұзушылықтың алдын алуға жатақханада орнатылған бейне-бақылау құрылғылары өз септігін тигізуде. Сонымен  қатар  жатақхана жаныннан жаңадан ашылған спорт кешені жұмыс жасайды. Студенттер  2, 3, 4, 5 орындық бөлмелерде тұрады. Колледждің  86 жылдық тарихында студент жастар өзінің  ұйымдастырушылық  қабілеті мен белсенділігі  арқылы  көзге түсіп келеді. Бүгінде  жастар  қалыптасқан  игі дәстүрлерді  дамытып, колледж абыройын арттырып жүргендері ауыз  толтырып  айтарлықтай.

Жатақханада студенттер үшін барлық жағдайлар жасалған:

тренажер залдары;

кинозал;

кітапхана;

сабаққа дайындалу  бөлмелері;

ас бөлмесі;

кір  жуу бөлмесі;

жуынатын (душ) бөлмесі;

киім үтіктеу бөлмелері бар.

Жатақхана бөлмелерінде керует, тумболар, үстел, орындық , шкаф және  тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. Әр қабаттағы ас бөлмелері: ток плиталарымен, және микротолқынды жылытқыштар мен жабдықталған. Әр 15 күн сайын төсек орны  ауыстырылып отырады. 

Жатақхана меңгерушісі: Жадриева Клара Тулегеновна.  Байланыс номері – 87021671127

Жатақхана тәрбиешісі: Төлеуғалиева Ажар Уалиханқызы. Байланыс номері – 87009693823

Жатақхана беру ережесі:

Жатақхана «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»стандартына сәйкес ұсынылады (әлеуметтік жеңілдікпен қамтылған студенттерге жатақханадан міндетті түрде орын беріледі). Ең бірінші орында  бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; ата-анасының екеуінде де немесе бірінде мүгедектігі барлар; көп балалы аналар;

Тәрбиеші, жатақхана меңгерушісі және тәрбие бөлімінің басшысы С.М.Тәжібаева басшылығымен оқу топтарының кураторларымен бірлесіп тікелей жатақханада тәрбие жұмысын жүргізеді, білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен белсенділігін дамыту үшін жағдай жасайды. Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді, тұрғындардың тұрмыстық жағдайларын жақсартуға көмектеседі.

Жатақхана студенттік кеңесінің жұмысы:

Жатақхана студенттік кеңесі өзін-өзі басқарудың қоғамдық органы болып табылады.

Жұмысты Жатақхана студенттік кеңесінің төрағасы басқарады, ол кеңес отырысында ашық дауыс беру арқылы бір жыл мерзімге сайланады. Жатақхана студенттік кеңесі өз жұмысын Ақтөбе қаласындағы ШЖҚ»Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі»жатақханасының өзін-өзі басқару студенттік кеңесі туралы ережеге, жатақханадағы тұру және ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес ұйымдастырады.

Жатақхана студенттік кеңесінің отырысы айына кемінде екі рет тәрбиешілердің қатысуымен өткізіледі, қажет болған жағдайда колледж әкімшілігінің, жатақхана басқармасының өкілдері шақырылады.

Жатақхана студенттік кеңесі:

санитариялық-тұрмыстық,

ақпараттық-безендіру,

мәдени-бұқаралық жұмыс,

қабат секторларына бөлінеді.

Санитарлық-тұрмыстық сектор жатақхананың санитарлық жағдайына жауап береді. Әкімшілікпен бірлесіп аптасына кемінде бір рет оқушылар бөлмелерін тексеру бойынша рейдтер жүргізеді.        

Ақпараттық-безендіру (редакциялық алқа) жатақхана тұрғындарын уақтылы  ақпараттандыруға жауап береді, мерекелерді тақырыптық безендіруге, оқушылардың салауатты өмір салтына арналған    айлықтарға көрнекі үгіт жүргізуге жауап береді.

Мәдени-бұқаралық жұмыс секторы  іс-шараларды дайындау және өткізумен айналысады. Басты міндеттердің бірі: студенттерді шығармашылық қызметке тарту, жаңа таланттарды ашу және ұжымды біріктіру.   

Өзін-өзі басқару органдарының, тәрбиешілердің, әкімшіліктің бірлескен жұмысы кезінде жатақханада қолайлы тұрмыстық жағдайлар  жасалады. Жатақхана студенттері уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі патриоттық, рухани, салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық жұмыстарға баули отырып еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой