2023 жылдың 12 – 13 желтоқсан аралығында «Денсаулық сақтау» ОӘБ ұйымдастыруымен, Алматы қаласында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Ақтөбе облысынан Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің арнайы пән оқытушысы Қазалбаев Дамир Амангельдіұлы қатысып, ІІІ орынға ие болды.

Байқауға Қазақстанның медициналық колледждерінен. 16 оқытушы қатысты.

Конкурс екі кезеңнен тұрды: теориялық және практикалық.

1 Модуль – «Бронх демікпесі кезіндегі ауруды басқару бағдарламасы бойынша

пациентке арналған нұсқаулық».

2 Модуль – «Медициналық мекеме (хоспис) жағдайында дәлелді күтім көрсету»;

3 Модуль – «Медициналық мекеме (стационар) жағдайында дәлелді күтім

көрсету;

4 Модуль – «Үй жағдайында пациентті/туыстарын оқытуды жүзеге асыру».

Оқытушы үш тілде оқытудың кәсіби дағдыларын көрсетті. (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде).

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой