2023 жылдың кыркүйек айының 13-ші жұлдызында колледжде жаңа оқу жылының педагогикалық кеңесі өтті. Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралып, талқыланды:

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы
  2. Қабылдау комиссиясының қорытынды жұмысы (2023-2024 оқу жылы)
  3. Колледждің қаржылық есебі
  4. 2023-2024 оқу жылы арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нұсқаулық
  5. 2023-2024 оқу жылына оқу үдерісін ұйымдастыру
  6. 2023-2024 оқу жылындағы тәрбие бөлімінің жылдық жұмыс жоспары
  7. 2023-2024 оқу жылы бойынша тәжірибе бөлімінің жылдық жұмыс жоспарларын бекітуге ұсыну
  8. 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарлары

Қорытындысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы барлық ЦӘК-терде талқыланып, осы іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілу тапсырылды.

Колледж ұжымы алдына студенттерді жаңа ортаға бейімдеу мақсатында тәрбие бөлімі, бөлім меңгерушілері, психолог, топ жетекшілері үздіксіз байланыста болып, шараларды бірігіп өткізу жұмыстарын күйшейту, сонымен қатар жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарларына сәйкес  оқытушылардың оқу-әдістемелік  құжаттарын жетілдіру міндеттері қойылды

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой