Құрметті оқуға түскен талапкерлер 30.08.2022 ж. күніне дейін құжаттарыңыздың түпнұсқасын колледжге тапсыруларыңыз сұралады

 

 

ОҚУҒА ТҮСЕТІН АБИТУРЕНТТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

ТАЛАПКЕРЛЕР ЕСІНЕ!!!  ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ  

-БЮДЖЕТТІК НЕГІЗДЕ 15.08.2022ж дейін;

-БЮДЖЕТТЕН ТЫС НЕГІЗДЕ (АҚЫЛЫ) 18.08.2022ж. ДЕЙІН

ҚР БҒМ 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» негізінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша медициналық колледжге оқуға түскісі келетін адамдар психометриялық тестілеу нысанында бір арнайы емтихан тапсыруы қажет.

Психометриялық тестілеуге өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

Тесттер адамның стресске төзімділігін анықтауға, кәсіби бағдарлауға және эмпатикалық үрдістерді анықтауға бағытталған.

Тестілеу «өтті» немесе «өтпеді»нысанында бағаланады.

Күнтізбелік жылы психометриялық тестілеуден қайта өтуге рұқсат етілмейді.

Тестілеу күні:

І – лек, 2022 жылы 12 шілде 10:00 консультация, 2022 жылы 13 шілде 09:00 тестілеу;

ІІ-лек, 2022 жылы 28 шілде 10:00 консультация, 2022 жылы 29 шілде 09:00 тестілеу;

ІІІ-лек, 2022 жылы 16 тамыз 10:00 консультация,  2022 жылы 17 тамыз 09:00 тестілеу.