Әдеп кодексі

Осы ереже «ҚР Конституциясы», «Білімтуралы» заңы, колледж Жарғысы
негізінде құрастырылған.
Мазмұны:

                                                                            1.Жалпы ереже
2.Әдеп кодексінің қағидаттары мен құндылықтары
3.Колледждің педагогикалық ұжымының әдеп кодексі
4.Кодекс нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік
1.Жалпы ереже
1.1.Осы кодекс Ақтөбе медициналық колледжі қызметкерлері мен оқытушыларының мінез-құлығы мен негізгі тәртібін анықтайды.
1.2.Ақтөбе медициналық колледжі қызметкерлері мен оқытушыларының әдеп кодексі колледжде қолайлы моральдық-психологиялық климатты құру үшін бағытталған.
1.3.Осы кодекстің барлық нормаларын жүзеге асырудың басты мақсаты-АМК қызметкерлері мен оқытушыларының беделін арттыру,кәсіби қызметін нығайту.
1.4.Ақтөбе медициналық колледжінің әрбір қызметкері мен оқытушысы осы кодекс нормаларын мүлтіксіз сақтай отырып, колледждің іскерлік беделін және имиджін нығайтуға өз үлесін қосады.
                                                              2.Әдеп кодексінің қағидаттары мен құндылықтары
2.1.Ақтөбе медициналық колледжі қызметі келесі қағидаттарға негізделеді
2.1.1.Ақтөбе медициналық колледжі – оқыту үдерісінде оқытудың заманауи технологиясын қолданатын
сапалы білімнің,мәдениеттің,ғылым мен инновацияның жетекші орталығы.
2.1.2.Ақтөбе медициналық колледжі, білім тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыратын,болашаққа ұмтылған колледж.
2.1.3.Ақтөбе медициналық колледжі өзінің қызметкерлерін бағалайды және құрметтейді,әрқашан жоғары этикалық стандартқа сәйкес жұмыс жасайды.
2.1.4.Ақтөбе медициналық колледжі кез-келген сыбайлас жемқорлық,парақорлықтың пайда болуына жол бермейді.
2.1.5.Колледж қызметкерлерінің,оқытушыларының, креативтілігі,қатысымы мен серіктестігі –бірлескен этиканың ажырамас шеңбері.
2.2.Басты бірлескен құндылық
2.2.1.Ұсынылатын білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігі.
2.2.2. Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу.
2.2.3. Өзгерістерге және инновацияға ашықтық.
2.2.4. Ғылыми зерттеулер және әзірлемелерге тұрақты бағдарлану.
2.2.5.Үлкен академиялық жауапкершілік.
2.2.6. Шығармашылық өсуге және жетілдіруге ұмтылу.
2.2.7. Адамгершілік,патриотизм,азаматтылық.
2.2.8.Қызметкердің жеке басына және білім алушыларға,олардың құқықтары мен мүдделеріне құрмет.
2.2.9.Колледжге адалдық және оның жоғары стандарттарына сайкес келуге дайындық.
                                                                     3.Колледж ұжымының этикасы
3.1. Ақтөбе медициналық колледжі қызметкерлері мен оқытушылары міндетті:
3.1.1. Ақтөбе медициналық колледжі қызметкерлері мен оқытушылары деген абыройлы атақты өз еңбегімен ақтай отырып,колледж мәртебесін абыроймен қолдау.
3.1.2.Колледж миссиясын жүзеге асыру және бірлестікпен өз миссиясын кәсіби қызметінде сәйкестендіру.
3.1.3. Іске асыруға мәлімделген колледж мақсаттары мен міндеттеріне жауапкершілікті толық қабылдауға,колледжқызметінің нәтижелеріне қатысуға.
3.1.4.Өзінің қызметтік міндетін орындауда жоғары мәдениеттілігін,жауапкершілігін,адалдығын,академиялық шыншылдығын және обективтілігін көрсету,студенттермен, ұжымдастарымен мейірімді қатынас жасау,өзара қарым-қатынаста сыйластықты басшылыққа алу.
3.1.5.Кәсібилікке ұмтылу, үнемі отандық және шетел ғылымдарының тәжірибесі мен жетістігін оқи отыра өз білімін көтеру.
3.1.6.Колледжге, колледж тарихына,дәстүріне құрметпен қарап ұқыпты қатынас жасау арқылы студенттер үшін еңбек тәртібінің үлгісі болу.
3.1.7.Колледждің іскерлік беделін бағалау,колледж қызметіне,абыройы мен беделіне нұсқан келетін кез-келген әрекеттің жолын кесуге.
3.2.Қызметкерлер мен оқытушылар тиісті:
3.2.1.Ұжымдастары мен студенттерге дөрекі сөздерді қолдану арқылы мәртебесін түсірмеуге,тегімен атап өркөкіректілік көрсетпеуге.
3.2.2.Студенттердің көзінше ұжымдасының жеке өмірі мен кемшілік тұстарын талқыламауға.
3.2.3.Колледжде масаң күйінде келмеуге және алкоголді сусындар қолданбауға,арналмаған орында шылым шекпеуге.
3.2.4.Студенттерден сыйлықтар,ақшалай сыйақылар қабылдамауға.
3.2.5.Діни идеялар таратпауға,сонымен қатар конфессияаралық келісім мен ұлтаралық бірлікке қарсы пікірлер қалыптастырмауға.Колледжде және басқа да қоғамдық орындарда хиджаб,қысқа шалбар кимеуге,сақал қоймауға.
3.2.6.Жұмысқа кешікпеуге,сабақтың өту уақытын қысқартпауға немесе өзінің қызметтік міндетін орындау барысында дәлелсіз сабақтан босатпауға.
3.2.7.Өзінің қызметтік міндетін орындау кезінде дөрекілік,алаңғасарлық танытпауға
3.2.8.Студенттермен қарым-қатынаста,білімін бағалау кезінде өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланбауға.
3.2.9.Колледж әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлім қызметінің шешімі туралы нақты емес ақпаратты таратпауға.
3.3.Басшылық пен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас.
3.3.1.Басшылық міндетті:
-Өзінің кәсіби және жалпыадамдық мінез-құлқымен қызметкерлерге үлгі болу;
– іскерлік қарым-қатынастың корпоративтік этикасы тәртібі негіздерін өз мінез-құлқының нормалары мен принцепіне негіз етуге;
-қызметкерлер жеке тұлғаларға олардың мәртебесін түсірмейтіндей сыйластық көрсету;
-қызметкерлер алдында жіберген өз қатесін түсініп және өз атына айтылған сын үшін қуаламауға;
Ұжымда іскерлік және тілектестік жағдай орнатуға;
3.3.2.Колледж қызметкерлері міндетті:
-Еңбек тәртібін қатаң сақтауға;
-Жұмыста жоқ себебін тікелей басшылыққа хабардар етуге;
-Басшылық тарапынан көрсетілген мінез-құлық өзгеруіне әріптестерінің көзінше жауап қайтармауға;
-Колледж басшылығын жеке танып,аты-жөнін білуге;
-Колледж коридорында немесе басқа жерде кездесіп қалғанда бірінші сәлемдесуге;
-Ғимаратқа кірген кезде алдынан жолыққан адамға бірінші амандасуға;
Ұжымдастарымен қарым-қатынасы:
-Бір-біріне сыйластықпен қарау;
-Келіспей қалған жағдайда міндетті түрде кешірім сұрау;
-Ұжымдағы әріптестерінің,басшылықтың, қызметкерлердің сынын оң көзқараспен қабылдау,
-Теріс ақпараттарды елемеу және оларды таратуға кедергі жасау;
-Басшылықпен,ұжымдастармен,студенттермен «сіз» деп сөйлесу;
-Жұмыс уақытында қызметтік міндетіне тікелей байланысты жұмыстарды орындаумен айналысу;
-Дөрекі сөздер айтпау, сабырлылық таныту;
-Жұмыста ұжымдастарымен білімі мен тәжірибесін бөлісу жәнекөмектесу;
3.3.4.Жұмысқа негізгі кәсіби міндеті ретінде қарап студенттер үшін үлгі болу;
-Үнемі ғылыми-педагогикалық біліктіліктің жоғары деңгейін қолдап, құзыретті болу;
-Білім алушылардың іскерлік дағдыларын, білімін адал және обьективті бағалау;
-Өзінің күшін,білімі мен тәжірибесін колледждің ғылыми жетістігін көбейтуге жұмсау;
-Жарияланбаған көздерден шығармашылық ұрлыққа жүгінбеу;
-Сараптау,рецензиялау немесе ғылыми жетекшілік ету барысында алынған жарияланбаған ақпаратты құпия сақтау.
3.3.5. Жиналыстар мен кеңестерді өткізу:
-Жиналыс,жиындарға уақытында келу;
-Күн тәртібімен алдын-ала танысып,өзімен бірге қажетті заттарды ала келу;
-Жиналыс,жиындар басталар уақытында ұялы телефонды сөндіріп қою;
-жиналыс өту уақытында залдан шығар кезде немесе кірген кезде қатты дауыстап кешірім сұрамау;
-Жеке бас мәселесін шешу үшін жиналыс мінбесін қолданбау;
4.Жалпы әдеп кодекс нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік:
4.1. Жалпы әдепкодексі оқытушылар мен қызметкерлерге бірдей болып табылады.
4.2.Колледждің оқытушылары мен қызметкерлері өз қызметі мен мінез-құлқында қатаң жауапкершілік жүктейді, жалпы әдеп кодексін білуге және сақтауға міндетті.
4.3. Кодекстің ережелерін бұзу колледж оқытушысы мен қызметкерінің мәртебесіне қайшы әрекет ретінде қарастырылады.
4.4.Жалпы әдеп кодексінің сақталуын бақылау колледж этикасы жөніндегі Комиссия басшылығына жүктеледі.
4.5.Ақтөбе медициналық колледжінің жалпы әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін қызметкерлерге, оқытушыларға келесі шаралар қолданылуы мүмкін:
-көпшілік алдында кешірім сұрау ;
-іс-әрекеті колледждің Кеңесі мен этика жөніндегі Комиссияда талқылану;
-тәртіптік жаза.