Ақтөбе облысында парамедиктерді оқыту

Ақтөбе облысының мейірбике ісін дамыту орталығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы “медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдарға алғашқы көмек көрсету қағидаларын және алғашқы көмек көрсету стандартын беру туралы”№269/2020 бұйрығы бойынша медициналық білімі жоқ адамдарға (парамедикаға) оқыту жүргізіледі. Негізінен ішкі істер органдарының, ұлттық немесе мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, өртке қарсы қызметтің қызметкерлері, авариялық-құтқару қызметінің құтқарушылары, қоғамдық автокөлік құралдарының барлық түрлерінің жүргізушілері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері оқиды. Дайындық аяқталғаннан кейін белгіленген үлгідегі сертификат құжаты беріледі.Оқытуды мамандандырылған тренерлер А. Ж. Кожанова, Г. Қуанышбайқызы жүргізеді.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой