Mедицинадағы ресурс үнемдеуші технологиялар

24 қаңтар күні Ақтөбе медициналық орталығының базасында «Mедицинадағы ресурс үнемдеуші технологиялар» атты облыстық конференция өткізілді. Конференцияға қалалық, аудандық және облыстық медицина ұйымдарының 150-ге жуық орта медициналық қызметкері қатысты. Конференцияны Ақтөбе медициналық орталығының ересек стационарының медициналық директоры Есенжулова Ардақ Бекетқызы ашып, қатысушыларды құттықтап, Ақтөбе медициналық орталығының көп бейінді стационарының жұмысында ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу туралы әңгімеледі. Aktobe Medical Center» дәрілік заттарды жекелендірілген есепке алуды енгізу тәжірибесімен А. З. Мусина таныстырды.М. Оспанова, PhD докторы, Ақтөбе қ., ШЖҚ «АМО» МКК 1 санатты клиникалық фармаколог дәрігері. Саргузина А. С.-ШЖҚ «АМО» МКК Госпитальдық фармация бөлімшесінің аға медбикесі, Ақтөбе қ. «Aktobe Medical Center»Госпитальдық фармация бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру туралы айтты. Пациенттің халықаралық қауіпсіздік деңгейі туралы № 3 қалалық емхананың Мейірбике ісі жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары А. М. Мажекенова баяндады,ол пациентті сәйкестендірудің енгізілген жүйесі емханалық қызметте де, стационарда да оң нәтиже беретінін атап өтті. «Мейірбике мамандығын дамытудағы заманауи тәсілдер.Мейіргерлік қызметтің жаңа үлгісі » атты баяндамамен Ақтөбе облысы мейіргерлік істі дамыту орталығы директорының орынбасары, денсаулық сақтау магистрі Наурызбаева А. С. сөз сөйледі. АМО медбикелік қызметінің басшысы В. В. Рыбакованың жұмысы туралы есеп тыңдалды. Конференция аяқталғаннан кейін қатысушылар алған ақпараттармен алмасып, Ақтөбе медицина орталығында орналасқан медицина мұражайына барып, сұрақтар қойды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Мейірбике ісі жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіліп, онда 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, Кеңестің жаңа құрамы анықталды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой