"2019 жылдың үздік медбикесі" облыстық байқауы
2019 жылы 17 сәуірде «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметов атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік кәсіпорын базасында «2019 жылдың үздік медбикесі» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: мамандық беделін, Мейірбике ісі мамандарының кәсіби деңгейін арттыру және Халықаралық медбике күнін мерекелеу аясында жыл сайынғы іс-шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру. Байқауға қалалық және аудандық медициналық ұйымдардың 15 медбикесі қатысты.
Бірінші және екінші кезең мейірбикелік істі дамыту орталығының базасында өтті, онда қатысушылар өз портфолиосын көрсету және қорғау, сондай-ақ тестілеуден өту қажет болды. Үшінші кезең WorldSkills чемпионаты аясында Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің бас корпусының базасында екі модуль бойынша өткізілді, олар медициналық және әлеуметтік күтім саласы – бір аймақта өткізілді: 1-аймақ – күндізгі стационарда күтім, 2 – аймақ-мейірбикелік күтім орталығында күтім, 3-аймақ-практикалық дағдыны көрсету – көктамырішілік инъекция, белгілі бір критерий бойынша қол фантомасы: жіңішке тамырға түсу-5 ұпай, орташа тамырға түсу-3 ұпай, жуан тамырға түсу-2 ұпай. Тамырғаға түспеген қатысушы 0 ұпай алады. Әрбір аймақ үшін 30 минут ішінде науқастың қажеттілігін имитациялауға негізделген тапсырманы орындау ұсынылды. Байқау тапсырмасын бағалау келесі талаптарға негізделді: ұйымдастыру және басқару, коммуникация және тұлғааралық дағдылар, мәселелерді шешудегі инновациялар мен шығармашылық көзқарас, науқаспен жұмысты бағалау және жоспарлау, науқаспен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу. Барлық қатысушылар практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары 2019 жылы 8 мамыр күні А.Досжанова атындағы Конгресс холлда медбике күніне арналған шарада дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

