Педагогикалық кеңес

29 мамыр  2020 жылы  Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы  Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде онлайн режимде кезекті педагогикалық кеңес болып өтті.

Педагогикалық кеңесте  күн тәртібіндегі төмендегідей  мәселелер тыңдалып, талқыланды:

1.«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша, «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі бөлімінің жұмысын талдау.

2. Бітіруші топ білім алушыларының  кәсіби  тәжірибесінің  өту барысы  туралы.

3.«Platonus»  платформасын қолданудың тиімділігі.

4. Әлеуметтік  топтағы студенттермен  жүргізілген жұмыстар.

5.Облыс әкімінің атаулы стипендиясына үміткер студенттердің құжаттарын ұсыну. 

  Оқытушылар алдына  қашықтықтан оқытуда кәсіптік тәжірибе барысында білім алушылар бағдарламада  берілген міндетті іс-дағдыларды игеру үшін қолданылатын  әдіс – тәсілдерді  жетілдіру мақсаты қойылды

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой