Онлайн-семинар «Паллиативтік көмек»
2017 жылдың 25 казанында Кеңес одағының батыры Мәншүк Маметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінің конференц-залында Ақтөбе облысының Мейірбике ісі даму орталығы орта буын медициналық қызметкерлері мен колледж оқытушыларына арналған «Паллиативтік көмек» тақырыбына онлайн-семинар өткізді.

Сонымен қатар, онлайн-семинарға Жедел медициналық көмек ауруханасы, Алга, Айтекеби, Байганин, Ырғыз, Хромтау, Мартүк, Эмба, Ойыл, Қобда, Шалкар орталық аудандық ауруханалары қатысты. Онлайн-семинарға қатысқан барлығы 109 адам.
Онлайн-семинарды Мейірбике ісі даму орталығы бойынша директордің орынбасары
А.С Наурузбаева ашты.

Ол өз сөзінде поллиативті көмек онкологиялық аурулармен қатар басқа да жазылмайтын созылмалы ауруларда қажет екенін атап өтті.
Семинарада баяндама оқыған модераторлар:
Острецова Т.П – мғк, жоғары санатты дәрігер, «Казахстан жанұялық дәрігерлер ассоциациясының» директоры. Баяндама тақырыбы «Паллиативтік көмек: өмірдің жаңа сапасы»
Абдрахманова С.С – Теміржол ауруханасының аға медбикесі. Баяндама тақырыбы «БСМК-те пациенттерді скринингтік тексеруден өткізу»
Абитова Г.С.- М.Оспанов атындағы БҚММУ МО психологы. Баяндама тақырыбы «Пациенттерге психологиялық көмек»

Абдулова А.Х.- М.Оспанов атындағы БҚММУ МО химиотерапия бөлімінің медбикесі. Баяндама тақырыбы «Орта буын медициналық қызметкерлерінің тәжірибесіндегі фармакотерапиядағы қауіпсіздігі»
Алитурлиева А.- М.Оспанов атындағы БҚММУ МО сәуле терапиясы бөлімінің медбикесі. Баяндама тақырыбы «Сәуле терапиясынан кейінгі науқастарды күту».

Онлайн-семинар өту барысында скринингтік тексерулер, кейбір дәрілік заттарды енгізу стандарты, онкологиялық науқастарға амбулаторлық көмек көрсету жөнінде сұрақтар қойылды.
Семинарға қатысушылардың барлығы сұқпаттамаларды толтырып, медицинадағы өзекті тақырыптарды көтеретін семинарларды өткізу қажет туралы тілек білдірді.
