Мейірімділік пен құрмет күні
222 «Фармация» тобының студенттері және еріктілер тобының мүшелері қарттар күнінде еңбек ардагері Сағындықова Айман Жұбаназарқызына көмек көрсетті.

Еріктілер тобының мүшелері Мүхамбетяров Досымжан, Күлжанов Әмір және Жанабергенов Жантас қақпаны жөндеп, үйдің негізін цементпен қатайтып, қолқабыс көрсетті.

Айман Жұбаназарқызы студенттер мен еріктілер тобының жетекшісі Г.К. Испанова ыстық лебізін білдірді. Еріктілер тобы қарттарға әрдайым көмек қолын созып көмектесуге дайын.
