«Мейірбикелік білім беру жүйесін жетілдіру сатылары» тақырыбындағы дөнгелек үстел
Жоғары оқу орны студенті мен колледж студенті арасындағы кәсіби байланысты нығайту аясында 2021 жылдың ақпан айында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі мамандығы «Мейіргер ісі» біліктілігі «Мейіргер ісі қолданбалы бакалавры» І курс студентері және академиялық дәрежесі бар университет түлектері арасында «Мейірбикелік білім беру жүйесін жетілдіру сатылары» тақырыбында ZOOM –платформасы арқылы дөнгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: Мейіргер ісі академиялық,қолданбалы бакалавр мамандарының жас ұрпаққа Мейіргер ісі мамандығының болашақтағы жетілдіру перспективаларымен тәжірибесімен бөлісу және колледж студенттерінің болашақ мамандыққа қызығушылығын еселеу. Осы дөңгелек үстеліміздің қонақтары болып қолданбалы бакалавриаттың алғашқы түлектері Ахетова С.С., Акбалиева А.М., қос дипломды Қазақстан- Финляндия қолданбалы ғылымдар университет магистры, колледж директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Есказина Г.Т. және де біздің әріптестеріміз Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университетінің «Мейірбике ісі» магистранты ҚаршығаӘ.Қ., Эмили атындағы Батыс Қазақстан Мейірбике институтының түлегі, «Мейірбике ісі» академиялық бакалавры дәрежесі бар Тлеулесова В.И. Дөңгелек үстел аясында қонақтарымыз өз тәжірибесімен бөлісіп студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беруге берілді. Шараны ұйымдастырушылар: «Мейірбике ісі» ЦӘК оқытушылары

