«Емдеу кабинеті мейірбикесінің жұмысындағы инновациялық технология»
2018 жылдың 28 ақпаны күні Ақтөбе облысының Мейірбике ісін дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Емдеу кабинеті мейірбикесінің жұмысындағы инновациялық технология » тақырыбына шебер-класс өткізілді. Бұл шараға ауруханалар мен емханалардың емдеу кабинетінде жұмыс істейтін 53 мейірбике мамандары қатысты.

Шебер-классының мақсаты емдеу кабинетінде жұмыс істейтін мейірбикелердің инъекциядан кейінгі асқынуларды алдын-алу шаралары, пациенттер мен олардың тума-туыстарымен қарым-қатынас, тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға инъекция жасау техникасы, көк тамырдан қан алу туралы сұрақтар бойынша білім деңгейлерін тереңдетіп бекіту

Шебер -класс бағдарламасында МІДО оқытушысы М.Б Ермагамбетованың «Мейірбике ісіндегі коммуникация», МІДО әдіскері Р.С.Есетованың «Инъекциядан кейінгі асқынулар», А.С Наурузбаеваның «Тамырларды визуализация үшін Accu Vein AV400 аппаратын қолдану», № 4ҚЕегукабинетінің мейірбикесі Г.К. Кенжееваның«Тері ішіне инъекция жасау техникасы», МЖЖА емдеу кабинетінің мейірбикесі У.Акмурзинаның «Бұлшық етке инъекция жасау техникасы»,№ 4 ҚЕ емдеу кабинетінің мейірбикесі М.В. Дмитриенконың «Вакутейнер. Көк тамырдан қан алу техникасы»- тақырыптары қаралды

Емдеу кабинетінде қызмет атқаратын мейірбикелер белсенділік көрсетіп сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті, сұқпаттамаларға жауап бере отырып, бұл тақырыптың маңызы мен қажеттілігін атап өтті.
