ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі» МКҚ директоры

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Кузбаков Мажит Хамитович 

Білімі:

1.Ақтөбе мемлекеттік медицина институты. Емдеу ісі (дәрігер)

  1. Ақтөбе мемлекеттік медицина институт. Клиникалық ординатура (Хирург)
  2. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы жанындағы мамандандырылған кеңестің шешімімен №2 хаттама 17 қазандағы 1997 ж. Медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

4.ҚР БҒМ Жоғары аттестациялық комитетінің 2003 жылғы 21 наурыздағы шешімімен (№4 хаттама) медицина мамандығы бойынша Доцент ғылыми атағы берілді.

Еңбек өтілі: Жалпы өтілі – 35жыл, педагогикалық өтілі 32 жыл

  • 2012 ж. Ақтөбе медициналық колледжінің директоры.
  • 2011 ж. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері.
  • 2009 ж. Мартук орталық аудандық аурухана бас дәрігері.
  • 2008 ж. ФУВ хирургия кафедрасының доценті.
  • 2007 ж. Марат Оспанов атындағы БҚММУ Медициналық орталығының басшысы.
  • 2006 ж. директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
  • 2000 ж. ФУВ хирургия кафедрасының доценті, хирургия бөлімінің меңгерушісі.
  • 1994 ж. госпитальдық хирургия кафедрасының ассистенті.
  • 1988-1991 жж. Атырау облысы «Теңіз мұнай газы» бойынша МСМ хирургі.

Мамандығы бойынша санаты: жоғары санат.

– «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

– Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

        1997 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Жоғары санатты хирург-дәрігер эндовидеохирургияны жетік меңгерген. 1995 жылдан бастап «Эндоскопиялық хирургия» Ресей ғылыми қоғамының толық мүшесі. 45тен астам ғылыми жұмыстардың, «Лапароскопиялық аппендэктомия кезіндегі қателер мен асқынулар және олардың алдын алу», «Жеке  хирургиядан дәрігер» оқу-әдістемелік құралдарының авторы. 4 өнертабысы және 4 авторлық куәлігі бар. 2012 жылдан бастап Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің директоры.