Дипломдық жұмысты қорғау
2021 жылдың 12-19 ақпан аралығында Мемлекеттік Жалпыға Міндетті білім беру стандартына сай мамандығы «Медбикелік іс» біліктілігі «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» 208, 209, 210, 221 топтарында дипломдық жұмысты қорғау қорытынды аттестациясы өткізіліп, 77 студент дипломдық жұмысын қорғап шықты. Дипломдық жұмысты қорғау бойынша комиссия төрайымы: Ж.Достанова – «Марат Оспанов атындағы БҚМУ АеҚ» Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, төрайым орынбасары : Г.Есказина – директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Қазақстан-Финляндия» қосдипломды магистрі, комиссия мүшелері: А.Бекназарова – ШЖҚ «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері» МКК клинико – диагностикалық бөлімінің меңгерушісі, Б.Шуйтбаева – ШЖҚ «№3 Қалалық емхана» МКК педиатрия орталағының аға медбикесі,Ж.Киякбаева – ШЖҚ «Медициналық Жедел Жәрдем ауруханасы» МКК бас мейірбикесі, Г.Арипова – ШЖҚ «Медициналық Жедел Жәрдем ауруханасы» МКК политравма бөлімінің жетекші мейірбикесі. Студенттер «Медбике ісінің өзекті мәселелері» тақырыптарында алған дипломдық жұмыстарын ойдағыдай қорғап, қорытынды мемлекеттік аттестацияға жолдама алды.


