«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой   «Абзал жандар» клубы жұмысының анықтамасы.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай, қазақ ұлттық құндылықтарын дамытатын, медицина қызыметкерлерінің кәсіби және әлеуметтік бейімділігін дамытуға жағдай жасайтын тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында 2017-2018 оқу жылына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжі жанынан «Абзал жандар» клубы құрылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.

Құжатта ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Елбасы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда тәуелсіз еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.
«Абзал жандар» клубының жоспарына орай 6 қазан күні Медициналық жедел жәрдем ауруханасының медбикелік күтім бөлімінде болдық. Медбикелік күтім бөлімі 2015 жылы құрылған, 20 төсек орын бар. Медбикелік күтімді қажет ететін ауыр дертке шалдыққан науқастар дәрігерлердің жолдамасымен жоспар бойынша 1 айға қабылданады. Сонымен қатар жедел жәрдем көмегімен ауруханаға түсіп 15 күн емделгеннен кейін баратын жері болмаған жағдайда 1 айға медбикелік күтім бөліміне ауыстырады. Медбикелік күтім бөлімінен шығатын кезде үйге ешкім алып кетпесе науқастарды қарттар үйіне немесе әлеуметтік биімдеу орталғына жібереді.
Медицина колледжінің студенттері медбикелік күтім бөлімінің жұмыс тәртібімен, науқастардың тарихымен, құжаттарымен танысты. Медбикелік күтім жасап жатқан медбикелерге, аспаздарға, санитаркаларға көмек берді, өздері үйренді.
Науқастарға медбикелік күтім жасап жатқан медбикелерге, ем тағайындаған дәрігерге, қайырымдылық жасаған азаматтарға, осындай медбикелік күтім бөлімін ашқан медициналық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігеріне және осындай мүмкіндігі шектелген, кемтар адамдарға қамқорлық жасап жатқан Елбасына алғысымыз шексіз.
«Абзал жандар» клубының төрағасы,
хирургия пәнінің оқытушысы Нұрлан Ізденұлы Есенғазы.
Көмекшісі психолог Мөлдір Бисенғалиқызы Аренова.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой