Байқау кеңесінің кезекті отырысы №5
2019 жылдың қараша айының 29 күні Байқау кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа Байқау кеңесінің төрағасы ШЖҚ «Жанұялық медицина орталығы» МКК бас дәрігері С.Даньяров, ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК директоры М.Кузбаков, «№1 қалалық емханасы» МКК бас дәрігері М.Биханов, Ақтөбе Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінің директоры Т.Мүстекенов қатысты. Отырыста 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, 2020 жылға арналған даму жоспарын нақтылап бекіту, Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау туралы айтылды. Сонымен қатар отырыста 2020 жылдың мамыр айында өткізілетін колледждің 85-жылдық мерекесіне арналған жоспарының қаржылық жақтары талқыланды. Кәсіпорынның байқау кеңесі жанындағы ішкі аудит қызметінің төрайымы Б.Елеуова колледж ішкі аудитінің мақсаттары мен міндеттері туралы айта отырып ішкі аудит қызметінің есебін берді.

