Байқау кеңесінің кезекті отырысы №4
ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК- да 2019 жылдың маусым айының 28 күні Байқау кеңесінің қорытынды отырысы өтті. Отырыста күн тәртібі бойынша колледж бас есепшісі А.Елеусизовтің 2018-2019 оқу жылындағы қаржылық –экономикалық қызметтің жоспарын орындалуы туралы есебі және 2018-2019 оқу жылындағы байқау кеңесінің атқарылған жұмысы туралы есебі, 2018-2019 оқу жылындағы байқау кеңесі мүшелерінің есебі туралы айтылды. Байқау кеңесінің төрағасы ШЖҚ «Жанұялық медицина орталығы» МКК бас дәрігері Даньяров Самат Багдатович және байқау кеңесінің мүшелері колледждің педагогокалық кеңесінде колледж ұжымы алдында 2018-2019 оқу жылындағы байқау кеңесінің атқарылған жұмысы туралы есебін берді.
