Байқау кеңесінің кезекті отырысы №3
ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК- да 2019 жылдың сәуір айының 30 күні Байқау кеңесінің кезекті отырысы өткізіліді. Отырысқа Байқау кеңесінің төрағасы ШЖҚ «Жанұялық медицина орталығы» МКК бас дәрігері Даньяров Самат Багдатович, ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК директоры М.Кузбаков, «№1 қалалық емханасы» МКК бас дәрігері Биханов Марат Жусупбекович, Ақтөбе көпсалалы «Болашақ» колледж директоры Мүстекенов Талғат Тұртайұлы, Ақтөбе облысы «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Кунанова Дамиля Бахиткереевна қатысты.
Отырыста колледжге студенттерді бюджет және бюджеттен тыс негізде қабылдау және студенттерді қолданбалы бакалавр дәрежесіне бюджет және бюджеттен тыс негізде қабылдау, төмен жалақы төленетін колледж жұмысшыларының жалақысын көтеру туралы, колледжге автобус көлігін алу туралы, ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК-ның қаржылық аудит нәтижелері бойынша (қорытынды) аудиторлық есебі туралы айтылды.




