Байқау кеңесінің кезекті отырысы №2

   Ақпан   айының  08.02.2019 ж.  күні  сағ:15:00-де   ШЖҚ «Кеңес  Одағының  Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары  медициналық колледжі» МКК Байқау  кеңесінің  кезекті отырысы  өтті. Отырысқа Байқау  кеңес төрағасы  ШЖҚ  «Жанұялық  медицина  орталығы»  МКК  бас дәрігері С.Даньяров, ШЖҚ «Кеңес  Одағының  Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары  медициналық колледжі» МКК директоры   М.Кузбаков, ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем ауруханасы» МКК  бас дәрігері С. Капанов, ШЖҚ«№1 қалалық емханасы» МКК   бас дәрігері  М.Биханов,  Ақтөбе көпсалалы «Болашақ»  колледж  директоры Т. Мүстекенов, Ақтөбе облысы  «Атамекен» Қазақстан  кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің  басшысы  Д.Кунанова  қатысты.Күн тәртібі бойынша Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерей тойына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі студенттерінің  үлес қосуы, 2018 жылғы  колледж Даму жоспарының орындалғаны туралы мәлімет, ақылы  топтарда  білім алушы студенттерді, ақысыз (бюджет) топтарына ауыстыру туралы және колледж  қызметінің  басым бағыттары бойынша ұсыныстар айтып өз ойларын ортаға салды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой