Аккредиттеу




Білім беру ұйымын аккредитациялау— оның сапасы туралы шынайы ақпарат беру мен оны арттырудың тиімді механизмдерінің барлығын растау мақсатында аккредитациялау органының білім қызметтерін аккредитацияның белгіленген стандарттарына (регламент) сәйкестігін тану процесі.
Институционалды аккредитация– аккредитациялау органының белгілеген стандарттарына және өтініш берген мәртебеге сәйкестігін анықтауда білім беру ұйымының сапасын бағалау процесі.
Мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымы жүзеге асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау.
«Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК білім беру бағдарламалары мен қызметінің сапасын бағалау мақсатында 2017 жылы аккредиттеуден табысты өтті.
І. Институционалды
ІІ. Алты білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу:
0301000 «Емдеу ісі»
0302000 «Медбикелік іс»
0304000 «Стоматология»
0305000 «Лабораториялық диагностика»
0306000 «Фармация»
0307000 «Ортопедиялық стоматология»
Аккредитациялау процесі 3 кезеңде жүргізілді:
Бірінші кезең (алғашқы қадамдар)
- Колледж Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiне (әрі қарай – БСҚА) өтініш беру.
- БСҚА мен колледж арасында екіжақты келісім-шарт жасасу.
- Колледжбен танысу және қызметкерлер үшін оқыту семинарын өткізу мақсатында координатордың алдын ала келуі.
- Өз-өзін бағалау процедурасын өткізу және өз-өзін бағалау бойынша есеп беру.
Екінші кезең (сыртқы бағалау – колледжге келу арқылы аудит өткізу)

2. Аудит командасының есеп пен ұсынысты дайындауы.
Үшінші кезең (Аккредитациялық кеңестің колледжді аккредиттеу туралы сұрақты қарауы) Аккредитациялық кеңестің отырысының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Ақтөбе медициналық колледжін» МКҚК институционалды және мамандандырылған аккредиттеу аясында 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім шығарылды.
2017 жылы колледж БСҚА институционалды және мамандандырылған аккредиттеу өткені туралы куәлік алды.
2018 жылдың 26 ақпанында РОСОМЕД-Бүкілресейлік қоғамдық ұйым «Ресей медицинада симуляциялық оқыту қоғамы» (Мәскеу қ.) «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медицина колледжі» МКҚК дамыту бойынша аймақтық симуляциялық орталығы сертификатталды.
РОСОМЕД сайтында Ресейдің аккредиттелген симуляциялық орталықтары бар «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК өңірлік модельдеу орталығы туралы ақпарат ба
